2020 жылдың 4 қазан күні ауданымызда  «Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті

2020 жылдың 4 қазан күні ауданымызда  «Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті. Мереке барысында 100-ден аса ұстаздар  арнайы марапатқа ие болды. Аудандағы білім саласының қызметкерлері қатысқан  арнайы жиынға Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетов арнайы келіп, ұстаздарды мерекемен құттықтады. «Жылдың үздік ұстазы», «Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік педагогі», «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Үздік физика пәнінің мұғалімі», «Үздік технология пәнінің мұғалімі», «Үздік әдіскер» номинациялары бойынша ұстаздар дипломдармен марапатталып, ақшалай сертификатқа ие болды.

 



Жарияланды: 26.05.202007:54

Автор: