«Дефектолог- мұғалім»  атты облыстық қашықтық байқауы жүргізілді

«Қарағанды облысының оқу – әдістемелік» орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27 қаңтар мен 10 сәуір аралығында «Дефектолог- мұғалім»  атты облыстық қашықтық байқауы жүргізілді. Байқау 5 номинация бойынша өтті.

Шет ауданы бойынша байқауға балабақша дефектолог мамандары қатысып, «Заманауи сабақ» номинациясы бойынша Ағадыр кентінің «Нұршуақ» балабақшасының дефектолог маманы Алтыбаева Маржан Зарлықызы – 3 орын иеленді.

«Шеберлік сынып» номинациясы бойынша Ағадыр кентінің «Балбөбек» бөбекжайының дефектолог маманы  Шашалова Гульден Ермековна – 3 орын иеленді.

 


Жарияланды: 26.05.202008:02

Автор: