Қаулы

Жоба

Шет ауданы бойынша

мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытуға мемлекеттік

білім беру тапсырысын,

ата-ана төлемақысының

мөлшерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1.Қоса беріліп  отырған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

2.Шет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қазандағы №58/06 «Аудан бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №  4437 болып тіркелген, аудандық «Шет шұғыласы» газетінің 2017 жылдың 24 қарашадағы №47 (10 667) газетінде, электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Этолондық бақылау банкінде 2017 жылдың 22 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

3.Осы қаулының орындалуына бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.А.Әбілдинге жүктелсін.

4.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

Шет ауданының әкімі                                      М.Жандәулетов

 

Шет  ауданы әкімдігінің

2018  жылғы «__» ақпандағы

№ ____  қаулысымен бекітілген

 

Шет ауданы  бойынша мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,

ата-ананың төлемақысының мөлшері

 

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге) Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мемлекеттік Жеке меншік Мемлекеттік Жеке меншік Мемлекеттік Жеке меншік
1 Балабақша 665 150 1 жастан 3 жасқа дейін  6500

3 жастан 6 жасқа дейін  7200

1 жастан 3 жасқа дейін 6500        3 жастан 6 жасқа дейін  7500 10000 26000
2 Мектепке дейінгі шағын орталық 321 1 жастан 3 жасқа  дейін 4500

3 жастан 6 жасқа дейін 5500

                           – 9780