Бұрма жалпы орта білім беру мектебінде “ҰЛАН” әскери-спорттық ойыны болып өтті.

 

Сәуір айының 11-күні Бұрма жалпы орта білім беру мектебінде V  аудандық мектеп оқушылары арасында “ҰЛАН” әскери-спорттық ойыны болып өтті. Жарысқа аудан бойынша 20 мектеп командасынан 140 оқушы қатысып, бақ сынасты. Жарысты аудандық оқу бөлімінің әдіскері  Е.К.Ақыжанов ашып, Бұрма жалпы орта білім беру мектебінің директоры Н.А.Абишев қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Әскери жаттығулардың  6 түрінен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, саптық байқау, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74 – ті уақытқа бөлшектеп жинақтау, белтемірге тартылу, жерден кеудені көтеру, әскериленген кросс.

Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік командалар анықталды. ІІІ орынды 483 жалпы ұпай санымен екі мектеп иеленді Ж.Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясы жетекшісі- Тойғанбеков С.Ж. және Шет жалпы орта білім мектебі ІІ орынды 558 жалпы ұпай санымен Ю.А.Гагарин мектеп лицейі жетекшісі- Жеңісов Н.Ж. иеленсе, жүлделі І орынды 598 жалпы ұпай санымен Бұрма жалпы орта білім беру мектебінің командасы ие болды. Жетекшісі- Майканов А.Н.

Сонымен қатар жекелеген сайыстар бойынша ең үздік көрсеткіш көрсеткен оқушылар да марапатталды. Сайыс жеңімпаздары аудандық оқу бөлімінің дайындаған грамоталары мен алқалары және арнайы кубокпен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаз командаларға аудандық Жастар ресурстық орталығы тағайындаған сыйлықтар табысталды.

Мамыр айының 2-сі күні Қарағанды қаласында өтетін облыстық “ҰЛАН” әскери-спорттық байқауында Бұрма ЖОББ мектебінің командасы Шет ауданының намысын қорғамақ. Команда мүшелеріне сәттілік тілейміз.

 


Жарияланды: 08.05.201910:09

Автор: