Балқаш қаласында өткен «Ұлы дала мұрагерлері» атты Республикалық форум

Елбасы «Білімді азамат қана биік белестерді бағындырады, бәсекеге қабілетті бола алады. Елдің болашағы –сана сезімі жоғары, ойы озық өскелең ұрпақтың қолында», – дегенді зейінді жастарға қаратып айтқан. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі Елбасы атаған білімді әрі талантты жастармен кездесу бұйырған сәтте, еліміздің болашағы нұрлы әрі жарқын екеніне көз жеткізеді екенсің. Оның үстіне, олар – халықаралық әрі республикалық білім мен өнер бәсекесінде Қазақстанның намысын қорғап, биікті бағындырып үлгерген жүйріктер болса… Сол жүйрік жастардың көбі – ҚР Президентінің жеке бастамасымен құрылған теңдессіз білім беру жобасы – Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары. Республиканың әр өңірінен жиналған дарынды оқушылар «Ұлы дала мұрагерлері» республикалық форумы биылғы жылы 2019 жылдың 23-24 мамырында Балқаш қаласында өтті. Балқаш қаласында ұйымдастырылған форумға Шет, Ақтоғай, Приозерск аудандарының оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Тәжірибе тарату – ұтымды әдіс

№1 алаң

Шеберлік сынып (қазақ, орыс тілінде)

Балқаш қаласында өткен республикалық «Ұлы дала мұрагерлері» форумы аясында төменде көрсетілген аудан мұғалімдері өздерінің шеберлік сыныптарын көрсетті. Шеберлік сыныптар бес бағытта  ата-аналармен жүргізілді: Көптілділікті енгізу, критериалды бағалау, жаңартылған білім беру мазмұны, инклюзивті білім беру, вариативті курстар.

Мұғалімдер шебер сыныптары бойынша әзірлемелерінде қойған оқу мақсаттарына жетіп, ата-аналар жақсы кері байланыс беріп, жақсы пікірлер айтылды.

Іс-шара атауы Білім беру ұйымы Аты-жөні Пәні
Көптілділікті енгізу (ата-аналарға) Ы.Алтынсарин атындағы МГ Бөлтекеева Фариза Шакишевна Биология пәні
 Ш.Батталова атындағы ОМ Сулейменова Сымбат Сансызбаевна Физика
Критериалды бағалау (ата-аналарға) Ы.Алтынсарин атындағы МГ Алимкулова Арай Махмутгазиевна Ағылшын тілі пәні
Жаңартылған білім беру мазмүны (ата-аналарға) Ш.Батталова атындағы ОМ Абеужанова Алма Бахытовна География пәні
Ы.Алтынсарин атындағы МГ Рашитова Жанна Елеуовна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Ю.Гагарин атындағы МЛ Жумабекова Жанар Орынтаевна Бастауыш сынып
Инклюзивті білім беру (мұғалімдерге) Ю.Гагарин атындағы МЛ Нұрхайдарова Гүлжанат Ауесхановна Орыс тілі мен әдебиеті пәні
Вариативті курстар (пәндер бойынша) Ж.Ақылбаев атындағы МГ Бөлкенбаева Айгерим Даулетияровна,                         Тусупханова Бану Амановна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Ы.Алтынсарин атындағы МГ Асылбекова Жанар Мұхаммедовна Бастауыш сынып

 

 

“Біздің мүмкіндіктеріміз” әлеуметтік жобалар

НЗМ әлеуметтік жобалар мен тәжірибелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Мажимов Арман мен 7 сынып оқушысы Жетпісұлы Әділханның «Ақылды ферма» жобасы және Ю.Гагарин атындағы тың «Ақылды мектеп» оқушылар стартап жобаларын ұсынды.

“100 кітап” жобасы аясындағы әдеби қойылым

Сонымен қатар «100 кітап» жобасы аясында театрландырылған қойылым көрсетілді. Мұнда тек қазақ ақын-жазушыларының ғана емес, әлем әдебиетінің де шығармалары ұсынылды. Ауданымыздан әдеби қойылым жұмыстарына Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесін қойылым көрсетсе, Сәкен жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары Сәкен Сейфуллиннің өмір тарихынан «Жалындап өткен ғұмыр» атты драммалық қойылым қойды.

«Шеберлер қаласы» – оқушылар көзімен

Форумның екінші күні де жастардың керемет іс-шараларымен жалғасын тапты. М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайының алаңында «100 күйдің тарихы» жобасы шеңберінде бір мезгілде 300 оқушы қазақ күйлерін орындады. С.Мұқамеджанов атындағы «Өнер» мектебінің оқушыларынан құралған ансамбль көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қолөнер шеберлері «Шеберлер қаласы» қайырымдылық жәрмеңкесін әрі зергерлік бұйымдар, қолдан жасалған домбыраларын ұсынды. Қолөнер шеберлері жәрмеңкеге әр салада түрлі жаңа жобалар әкеліпті. Шет ауданынан келген 11 сынып оқушысы Шегебай Аманбол өзінің құрт кептіруге арналған құрылғысымен таныстырды. Бұл құрылғыны өз қолымен екі апта бойы жасаған екен. Оның ерекшелігі – кез-келген ауа-райында құртты ыңғайлы жерде кептіруге мүмкіндік береді, оны жел мен шаңнан қорғайды, ықтимал ылғалдық пен температураны сақтап тұрады. Жас тапқыштың жобасы ауылдастарын қызықтырып, олар да тапсырыс жасап, өз құрылғысын асыға күтіп жүрген көрінеді.  Ең қызықты және көрнекті алаңдардың бірі – «Шеберлер қаласы» жәрмеңкесі. Бұл жерде үйреншікті моншақ пен жүннен жасалған бұйымдардан басқа, жаңа жобалар көрсетілді.

Сондай-ақ, орталық алаңда «Қоғамға қызмет етемін» әлеуметтік жобасы, «Қобыланды батыр» акциясының қатысушылары «ReadingTime» жобасы да ұйымдастырылды.

Ал, кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг  жобасының аясында кітап оқуды насихаттауға бағытталған акция өткізілді.

Ұлттық тағамдар жәрменкесі ұйымдастырылды.

Сөйтіп «Ұлы дала мұрагерлері» атты республикалық фестивалі өз мәресіне жетті. Жоғары деңгейде өтті.


Жарияланды: 15.08.201909:19

Автор: