«Балалардың ерте жастан дамыту үшін психологиялық педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және ата – аналарының ынтымақтастығы»  тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

2020 жылдың 29 сәуір күні  «Қарағанды облысының оқу – әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Балалардың ерте жастан дамыту үшін психологиялық педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және ата – аналарының ынтымақтастығы»  тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.  Семинарды Шет ауданының, Ақсу- Аюлы ауылының, «Нұрдәулет» бөбекжай әдіскері  Ж.К.Адамкулова, Ақадыр кентінің «Нұршуақ» балабақшасының әдіскері  Алькеева О.Р  жүргізді. Балабақша әдіскерлері атқарылып жатқан жұмыстары бойынша тәжірибелерін облыстық деңгейде бөлісті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 131 педагогі қамтылды.

 


Жарияланды: 26.05.202007:49

Автор: