Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқыту бойынша жұмыстар.

Пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның

таралуына жол бермеу үшін барлық білім беру ұйымдары 2019-2020 оқу жылының 4 тоқсанын қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырды.

Қашықтықтан оқу бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне барлық нормативтік құжаттар (Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулықтар) уақатылы жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары WhatsApp чаттары, телефон байланысы арқылы жүргізілуде.

Облыстық оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан онлайн семинарларға қатысып отырамыз.

Мектептерде оқыту телесабақтар, ClassRoom платформасы,  Zoom, WhatsApp чаттары арқылы ұйымдастырылған. Қашықтықтан оқытудың басында көптеген сұрақтар туындаған болатын, қалай оқытамыз, қалай оқушымен байланысқа шығамыз деген. Мұғалімдеріміз өздерінің шеберліктері мен біліктіліктерінің арқасында бұл жұмысты да бір жолға қойды.

Жиынтық бағалау жұмыстары бойынша, сұрақтар туындаған жағдайда мұғалімдермен үнемі байланыста отырамыз. Төменде қашықтықтан оқыту бойынша мұғалімдердің жұмысы (ұйымдастыруы, қолданылатын әдіс-тәсілдері, т.б.).

Қашықтықтан оқытуда қолданылып отырған әдіс-тәсілдер.

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Бөкенова Жұлдызай Жанатовна

Сабақ – қашанда жетіліп  отыратын шығармашылық сипаттағы үрдіс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы. Сабақ құрылымы қандай болса да шәкіртке білім мен дағды беруді көздейді.

Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздеу басшылық етеді.

«Диалогке түсу»  әдісі  :  Оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Ал диалог аясын кеңейту үшін оқушылар ойлана алатындай белсенді тапсырмалар жүргіздім. Оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынып, оны бұған дейінгі білімімен байланыстыруда. Оқушылaрдың тaқырып бoйыншa өз oйлaрын бiлдiруiнe мүмкiндiк бeрді.

– Бaсқa aдaмдaрдa түрлi идeялaрдың бoлaтындығын oқушылaрдың түсiнулeрiнe көмeктeсeдi,

-Oқушылaрдың өз идeялaрын дәлeлдeуiнe көмeктeсeдi;

-Мұғaлiмдeргe бiлiм бeру бaрысындa oлaрдың oқушылaры қaндaй дeңгeйдe eкeндiгiн түсiнугe көмeктeсeдi.

 

 

Ақпараттық-коммуникациялық технология

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде, оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы тақырыптың мәнін аша отырып, кез келген тақырыптың мазмұнына сай құрылысы, шығу тегі т.б. мәліметтермен толықтырып содан соң оқушыларға компьютер арқылы немесе бейнероликтер көрсету арқылы оқушыларға есте қалатындай әсер қалдыруы сөзсіз. Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық-технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үдеріс.

«А,В,С» әдісі

А- сұрақ қояды.

В- жауап береді.

С- айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Оқушылар топта үшеуден отырады. А – сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С-бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.

«Артығын алып таста» әдісі

Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен

байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.

 «Ашық және Жабық сұрақтар» әдісі

Жабық сұрақтар пайдалы болады,  алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді. Мысалы: Етістік дегеніміз не? Теңдеу дегеніміз не?

Ашық сұрақтар керісінше әсер етті, сол арқылы оқу үдерісін жақсартты. Етістік не себепті сөйлемнің соңында кездесіп тұр? Сіздің ойыңызша  көп таңбалы сандарды  есептегенде неге мұқият болу керек?

Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін  мысалдар келтірілді.  Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қойды. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектесті.

  «Сингвейн»

  1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).

   2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).

   3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).

   4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

   5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

«Әріптер мен сандар» әдісі

Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Мұғалім 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдандым.

«Барлық оқушылармен жұмыс» әдісі

Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуда пайдаландым. Оқушылар тарапынан мұғалімге сұрақ қояды. Барлық сұраққа мұғалім жауап берді.

«Бас бармақ» әдісі

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.                                                            

«Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар сабақ туралы бір ғана сөз жазып жібереді. Өз ойларын

түсіндіріп береді. (ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б).

«Бір минут» әдісі

Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

«Диаманта»  әдісі

Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы болды.

      1,7 жолдары –антоним-зат есімдер;

    2 – бірінші зат есімге екі сын есім;

    3 – бірінші зат есімге үш етістік;

    4 – зат есімді екі сөз тіркесі;

    5 – екінші зат есімге үш етістік;

   6 – екінші зат есімге екі сын есім;

«Бір минуттық эссе» жазу әдісі . Тақырып бойынша  оқушы өз ойын жазып шығады.

Қoрытa aйтaтын бoлсaм, заманауи білім беруде жаңа әдістерді

тиімді қолдану арқылы  оқушылардың бойынан сөйлeу қaбiлeтi  aшылуынa, oйын жeткiзуiнe, сұрaққa eмiн-eркiн жaуaп бeруiнe жәнe бeрiлгeн тaпсырмaның түпкi мaқсaтынa жeтудe өз oйы aрқылы дәлeлдeп бeрe aлaтын дәрeжeгe қaдaм бaсты. Әринe, бұл бір кeрeмeт нәтижe бoлмaсa дa, ал мен үшін oқушылaрдың aлғa жылжуы, бұның өзi көңiл қуaнтaрлық жағдай.  Eндeшe aлдaғы уaқыттa қашықтықтан оқысақта жaңaшa oқыту тәсiлiнiң дe тиiмдiлiгiн көрe oтырып қoлдaнуғa бoлaды.

Ш.Батталова атындағы ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі Жумадилова Жанар Маратовна

Сыныпта – 13 оқушы. «ClassRoom», «Bilimland», «Дарын» платформасы,  WhatsApp чаттары арқылы  жұмыс жүргізіліп жатыр.  Басында  үй  жұмысын жіберген кезде қиындықтар туды. Ал қазір балалар тез үйреніп,  дағдыланды. «Bilimland», «Дарын» платформасына кіріп видеосабактар көреді. Содан соң тест жұмыстарын орындап, бонустар жинап жатыр. Түсіндірме жұмыстарын жүргізгенде ең көп қолданатын «ClassRoom» платформасы  мен WhatsApp чаттары . Себебі, өте ыңғайлы.

Жаңа сабақтарды күнделікті теледидардан «Балапан» арнасынан көреді. Түсінбей, сұрақтары болып жатса жеке немесе топта ватсап арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қашықтықтан оқудың қыр-сырларына да үйреніп, төселдік деуге де болады. 4-11 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау алынды. Еш кедергісіз, қиындықсыз алынып, балдар Віlimal  журналға қойылды.

Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Кымбат Болатовна

6 сәуірден бастап, мемлекеттегі жағдайға байланысты, қашықтықтан оқытуды бастадық. Басында ата-аналармен ватсап желісі арқылы онлайн жиналыс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын өткіздім. Таңертең сағат 8-ден бастап WhatsApp чаты арқылы оқушыларға әр пәннің  тақырыптары бойынша түсіндірме видеосабақтар жіберемін және орындайтын тапсырмаларын астына жазып қоямын. Теледидардан Ел арна бағдарламасы бойынша видеосабақтарды көріп алған соң, балалар менің жіберген видеоларымды мұқият көріп алып, берілген тапсырмаларымды орындап кешкі 19.00- ге дейін маған WhatsApp  арқылы жібереді. Әр баланың тапсырмасын тексеріп, кері байланыс жіберемін. Бұрма ауылындағы оқушым Синанов Александр да WhatsApp арқылы күнделікті тапсырмаларды орындап, үнемі байланысқа шығып отырады. Менің оқушыларым сонымен қатар әр түрлі онлайн конкурстарға да қатысып келеді. Мысалы. Өнер мектебі ұйымдастырған ән байқауына Аманжанова Жаннұр  және сурет байқауына Төлегенова Айбибі мен Айдынқызы Айханым қатысып, нәтижесін  күтіп отырмыз. Сонымен қатар, оқушым Даткина Гүлсезім қашықтықтан «Золотое руно» халықаралық олимпиадасына қатысып, ІІІ Дәрежелі Дипломға ие болды, бірнеше оқушыларым «Кенгуру – математика для всех» олимпиадасына да қатысты, нәтижесі күтілуде. 1 мамыр және 9 мамыр мерекелеріне байланысты қашықтықтан тәрбие сағаттарын өткізіп, балалар мерекеге байланысты тақпақ, өлеңдерін видео арқылы жіберіп, оны мектебіміздің инстаграмм желісіне салынған.


Жарияланды: 12.05.202010:09

Автор: