Жаңалықтар

15.08.2019 09:19

Елбасы «Білімді азамат қана биік белестерді бағындырады, бәсекеге қабілетті бола алады. Елдің болашағы –сана сезімі жоғары, ойы озық өскелең ұрпақтың қолында», – дегенді зейінді жастарға қаратып айтқан. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі Елбасы атаған білімді әрі талантты жастармен кездесу бұйырған сәтте, еліміздің болашағы нұрлы әрі жарқын екеніне көз жеткізеді екенсің. Оның үстіне, олар – халықаралық әрі республикалық білім мен өнер бәсекесінде Қазақстанның намысын қорғап, биікті бағындырып үлгерген жүйріктер болса… 

08.05.2019 10:09

 

Сәуір айының 11-күні Бұрма жалпы орта білім беру мектебінде V  аудандық мектеп оқушылары арасында “ҰЛАН” әскери-спорттық ойыны болып өтті. Жарысқа аудан бойынша 20 мектеп командасынан 140 оқушы қатысып, бақ сынасты. Жарысты аудандық оқу бөлімінің әдіскері  Е.К.Ақыжанов ашып, Бұрма жалпы орта білім беру мектебінің директоры Н.А.Абишев қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

08.05.2019 10:02

2019 жылдың наурыз айының 26-ыншы жұлдызында Жарық жалпы орта білім беру мектебінде мектеп директорлары арасында I аудандық спартакиадасы өткізілді. Спартакиада Шет ауданының білім бөлімінің күнтізбелік жоспарындағы жоспарлы жарыс.