Жаңалықтар

29.01.2019 10:55

«Бейнелі карта» жобасы жалғасын табуда

       География пәні бойынша облыстық «Бейнелі карта» жобасы биылғы 2018-2019 оқу жылында аудандық деңгейде жалғасын тапты. Аталған жоба бойынша Ю.Гагарин ат.мектеп-лицейінде «География сабақтарында сандық және географиялық карталар – лайықты білімге тең дәрежеде қол жеткізу мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар өтті.

22.01.2019 08:41

Ауданымыздың Ш.Батталова атындағы ЖОББ мектебінің география пәнінің мұғалімі Абеужанова Алма Бахытовна Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінің» облыстық кезеңінен сүрінбей өтіп, Алматы қаласына өткен байқаудың Республикалық кезеңінде жүлдегер атанып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Құттықтаймыз!!!

21.01.2019 07:28

«Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы»КММ бойынша  дәстүрлі КҒА ұйымдастыруымен өткен облыстық 49-ғылыми зерттеу байқауына 5 жұмыс жолданып, барлығы қорғауға жолдама алды. Қорғау кезеңі қаңтар айының 14 жұлдызында өтті.