Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары

Саусақ ойыны– бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған саусақ ойыны баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Саусақ ойындарының нәтижесінде:
– Баланың тілі жетіледі;
– Қимыл – қозғалысы артады;
– Икемділігі артады;
– Қисынды ойлауы дамиды;
– Танымдық деңгейі артады.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойынының шарты түсіндіріледі әр қимылы көрсетіледі.

«Жасыру»

Ойын шарты:Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз.

Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады.

«Моншақтармен ойын»

Қызыл-сары көк моншақ.

Мен жасаймын көп моншақ

Ойын шарты: Балаға әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.

Баулармен ойын

Ойын шарты: Баулар таратылады олардың әр жерден түйілген түйіншектерін қолдарымен ұстайды. Бұл ойынды ойнау арқылы сенсомоторлық бағдарлауы, ұсақ моторикасы, жазықтықта бағдарлауы, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игерулеріне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.

«Тіс щеткасымен ойын»

Ойын шарты: Балаларға тіс щеткалары таратылады. Щеткаларды бір-бірден алып саусақ ұштарына қойып, үйкелеп массаж жасайды. Бұл ойын балалардың миын дамытады, тілдерін дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырады.

Қысқыштармен ойналатын ойын

Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді.

«Жаңғақтармен ойын »

Ойын шарты: балалардың әрқайсысына жаңғақтар таратылады. Жаңғақты алақанның арасына салып, айналдыру. Бұл ойында балалардың қолдары жаттықтырып, сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамиды.

Дәстүрлі емес саусақ ойындарының түрлері:

– Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;

-Жасыру;

-Қысқыштармен ойналатын ойындар;

-Баулармен ойындар;

-Моншақтармен ойындар;

– Тоқымаға шеңбер өткізу;

– Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру жұмысы;

– Тиындарды іріктеу;

– Жарманы жинау;

– Сіріңкемен жұмыс;

– Қағазбен жұмыс;

– Жапсыру (балшықтан, пластелиннен,

қамырдан);

– Арнайы шеңберге, бәтенкеге бау байлау;

– Жуан жіппен түйіншек жасау;

– Құммен, сумен ойнау;

– Өзінің саусағына жіңішке сымды орау (жүзік немесе орам жасалады);

– Бұрандалы шегені немесе гайканы бұрау;

– Конструктор немесе кубиктер ойнау;

– Ауада сурет салу;

– Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, қалам, бор, көмір, және т.б); – Қолөнері;

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан
активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және
мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; өзінің төсегін салуға немесе жинауға, жазу жазуға, текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Мақсатты практикалық әрекеттер(практис), манипуляция үдерісінде дамиды, сондықтан, ата-аналар баланы аяп, барлық нәрсені бала үшін өздері орындауға тырысатын болса, ол практикалық тәжірибеден айырылады, праксистің дамуы тежеледі, демек, екінші рет апраксия пайда болады. Апраксия құбылыстары, өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық маңызға ие.

Массаж пассивті гимнастиканың түрі болып табылады. Оның ықпалымен тері рецепторлары мен бұлшық еттерінде бас ми қыртысна жететін импульстер пайда болады.

 -қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.

-алақанға өзіндік массаж.

-қол саусақтарына өзіндік массаж.

Саусақтарға арналған гимнастика – бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау, қолмен орындау. Балалар көлеңкеленген ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Саусақтармен ойнау барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдарының моторикасын белсендіреді.

САУСАҚ ОЙЫНЫН ОЙНАТА ОТЫРЫП, БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ

Мектепке дейінгі мекемелерге және ата – аналарға арналған көмекші құрал.

Алғы сөз

Саусақ ойыны– бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы , қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстары, жан- жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады.

Саусақтарының қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады,сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде сақтайтын болады.

Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып оң, сол, жоғары, төмен т.б түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары , соның ішінде саусақ бұлщық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамиды.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.

Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертсгіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

«Саусақтар сәлемдеседі»Ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады, Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

«Моншақ».

Қызыл-сары көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сақсаусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларлы тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қыимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді.

Сонымен катар қол саусақтары қиымылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістістердің дәндерінен, түймелерден әртүрлі бейнелерді тізбектеп жасау балалар үшін оте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінін жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Төмендегі көрсетіліп отырылған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады.

Ешкі

Күнде тәртіп бұзылты,

Балаларды сүзіпті.

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті.

Міне, осындай алыпты.

Атам көріп қалыпты.

Мазаны ала бердің деп-,

Мүйізін қағып алыпты.

Мысық

Пеш үстінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Қоян

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Әтеш

Әдемі әтеш, Таң атпай тұрыпты. Ойқастап жүріпті.

Жан-жаққа қарапты.

Айдарын тарапты.

Қазым

Қазым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқыңда.

Жем шашайын жейсің бе ? Көмпит берші дейсің бе ? Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас, Арпаменен бидай шаш.

Ақ тауық

Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық

Ертеменен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді, Берген жемді жемейді.

Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,

Ақ жұмыртқа тауыпты.

ДОП

Добым, добым домалақ?

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың,

Тентек болып кеттіңдеп-,

Тұрмын сені тепкім кеп.

ҚҰЛЫП

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр.

Айтыңдаршы балалар,

Құлыпты кім ашады

Торғай

Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.

Қайық

Қәнық суда жүзеді,

Сақинасын тізеді.

Ойын. «Салат»

Сәбізді алып тазалаймыз

Үккішпен үгіп майдалаймыз

Қанттан сеуіп дәмдейміз

Қаймақ құйып сәндейміз

Міне, дайын нәр тағам-

Дәруменге байыған

Орындалуы:

  1. Оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылады.
  2. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды.
  3. Саусақтардың ұшымен «қант себеді»
  4. Қолды жұдырыққатүйген күйі (қаймақ құйған тәрізді) қол білезігін жоғары-төмен қозғайды.
  5. Екі қолын алдына жайып көрсетеді.
  6. Алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.

Ойын.

«Қолтырауын»

Қолтыруын қонақ күтуде

Тістері тура шегедей

-Бұл жерден қой өтпеді ме?

Деп сұрадым ойын білмекке

Ал ол болса тымпиып жатыр

Көзін қысып қылпиып жатыр

Орындалуы:

  1. Екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады.
  2. Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады.
  3. Қолдарды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді.
  4. Алақандарын бір-біріне ысқылайды.
  5. Көздерін қысады.

Ойын.

«Кім келді?»

Қане, қане кім келді? Біз, біз, біз!

Апа, апа, бұл сіз бе? Иә, иә,иә!

Әке,әке бұл сіз бе? Иә,иә,иә!

Ағатайым, бұл сіз бе? Иә,иә,иә!

Қарындасым, бұл сен бе? Иә,иә,иә!

Біздер тату жанұя Иә,иә,иә!

Орындалуы:

  1. Екі қолдың басбармақтарының ұштарын соғады.
  2. Екі қолдағы басбармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ ұштарын бір мезгілде соғады.
  3. Екі қолдың басбармақтарының ұштарын соғады.
  4. Сұқ саусақтардың ұштарын соғады.
  5. Екі қолдың басбармақтарының

ұштарын соғады.

  1. Ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады.
  2. Екі қолдың басбармақтарының

ұштарын соғады.

  1. Аты жоқ саусақтардың

(шылдыр шүмек) ұштарын соғады.

  1. Екі қолдың басбармақтарының

ұштарын соғады.

  1. Кішкене саусақтардыңұштарын

соғады.

  1. Барлық саусақтардың

ұшымен бірге соғады.

  1. Алақандарымен

шапалақтайды.

Ойын. «Үкі»

Орманда қараңғы

Бәрі-бәрі ұйқыда

Үкі ғана ұйықтамапты

Маңғазданып отыр қатты

Әрі-бері отырды да

Қараңғыға қанат қақты.

Орындалуы:

  1. Екі қолдың білезіктерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады.(«Орман»)
  2. Алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді».
  3. Бас бармақ пен сұқ саусақтың біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды («үкінің көздері»).
  4. Қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді («маңғаз үкі»).
  5. Қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға

ауысады.

Қолға, алып шарды,
Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.

Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орайды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.

Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – ешкіңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап, үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар.
Мына жерде қатық бар,
Қытық, қытық!

Қане, қайсы алақан,
Біз – кішкентай. (балапан)
Аралардың нәрі,
Бау-бақшаның сәні. (гүл)

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.


Жарияланды: 29.04.202023:46

Автор: