Дидактикалық ойындар

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

Алғы сөз

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кенейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды,ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденім

паздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын

молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: ойын

сабақтар және дидактикалық тапсырмалар.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады.Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп

нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.

Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау,ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады.

Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру,математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

«Қол соғу» ойыны

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.

Керекті материалдар: Тәрбиеші мен әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек (3 сурет ) болуы тиіс.

Ойынның мазмұны.

1 вариант. Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі тәрбиешінің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс.

2 вариант. Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші ойын ережесінің дұрыс орындалуын қадағалайды.

«Кім алғыр» ойыны.

Мақсаты: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: ( + – = ) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.

Ойынның барысы: Балалардың қолында сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргенде кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерлі құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындайды.

«Сен де сонша көрсет» ойыны.

Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрету.

Керекті материалдар: фигуралардың ою- таңбалардың суреті салынған карточкалар бала санайтын материалдар.

Ойынның мазмұны:

1 вариант. Тәрбиеші карточканы көрсетеді де, алып қояды. Балалар карточкада неше фигура, ою- таңба бар екенін айтып, сонша жалауша көрсетуі тиіс.

2 вариант. Тәрбиеші бірнеше рет алақанын соғады. Балалар оны зейін қоя тыңдап, одан соң соншама жалауша көрсетеді.

«Қай вагонға мінемін?» ойыны.

Мақсаты: сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған карточкалар.

Ойынның барысы: амалдарға берілген сан өрнекткрі жазылған карточкаларды тарату. 1+4, 4+2, 5-2, 5-4. Олардың мәні бала отырған вагонға сәйкес. Мысалы, 5-ші нөмірлі вагон, өрнектердің жауабы 5-ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге тиіс.

«Сипаттамасы бойынша тап» ойыны.

Мақсаты: Ұзын–қысқа, жуан-жіңішке, үлкен–кіші, оң-сол, ұғымдарын қайталау.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар,таяқшалар т.б.

Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір – біріне ұқсас 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

« Дүкен » ойыны.

Мақсаты: сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.

Ойынның мазмұны: ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Сұйық заттар белгілі көлемдегі ыдыспен, сусымалы заттар таразыға салынып өлшейді.

« Өз жұбыңды тап » ойыны.

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Ойынның мазмұны. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама – қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында – суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бірі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгірі келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады. Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.

« Қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойыны.

Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап білуді үйрету.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, стөл бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде тәрбиешіге айтады.

Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.

«Ойлан тап» ойыны.

Мақсаты: Балалардың тыныс белгілері жайында түсініктерін кеңейту.

Ойын шарты: тәрбиеші бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлемнің айтылу мәнеріне қарай ерекше назар аударып отырады. Екі командаға бөлініп, тақтаның ортасынан сызып, екі бағанаға бөлінеміз.Әр команданың жауабын тыныс белгілерімен белгілеп тұрамын. Ойын соңында санап қортындысын шығарамын. Тәрбиеші: Ал бастаймыз деп, ойынды бастайды.

Сәуле бақшаға келді. Қандай тыныс белгісін қоямыз? – деп егер бірінші команда мүшелері айтса, тақтаға бірінш бағанаға нүкте белгісін қоямыз. Осылайша ойынды жалғастыра береміз.

«Ол не?» ойыны.

Мақсаты: Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.

Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектклген ағаш матрешкалар.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады: Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,

Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.

Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,

Жинағанда бір ойыншық сияқты.

Матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенін анықтайды.

«Қолымда не бар?» ойыны.

Мақсаты. Мынадай ұғымдарды пысықтау: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол; кеңістік түсінікті пысықтау, қимылды, түсіну сезімдерін дамыту.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны. Балал қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты, мысалй, үлкен және кіші тасты ұстатады. Балал қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында-кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі, ұзындығы бірдый екі қарандаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір-біріне ұсақ 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

«Менің қайда екенімді тап»

Мақсаты: Балалардың туған қаланың көрікті орындары туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар. Қазақстан қалалары туралы ашықхаттар жиынтығы.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға бір данадан қаланың көрікті орындары бейнеленген ашықхаттарды таратып береді және балалардан онда не бейнеленгенін, нақты орынның атын атамай, әңгімелеп берулерін сұрайды. Ал басқа балалар қай қала екенін табулары керек. Тәрбиеші балаларға көмектеседі, сұрақтар қояды, жауабын шешуге көмектеседі.

«Қателесіп қалма?».

Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте отырып, балалармен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не істейтіндерін еске түсіреді. Сонан кейін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады:

  • Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде не істейтіндеріңді еске түсіресіңдер. Мәселен, мен «таңертең» деп айтамын. Сендер қандай іс-қимылдарынды атайсындар?

Балалар еске түсіреді:

  • Оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз, таранамыз.
  • Дұрыс,- дейді тәрбиеші. – Бірақ ойын кезінде мен текше берген бала ғана жауап береді және тек бір әрекетті ғана айтады. Әрекетті атаған соң ол текшені өзге ойыншыға береді.
  • Тәрбиеші күннің түрлі уақытын айтады, ал балалар жауап береді.

«Осы, өткен, келер уақыт»

Мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру; бар, қазір, бүгін-осы шақ; болды –өткен шақ; ертең, болады-келер шақ.

Ойынның ережелері. Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ғана іс-әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқанын, болғанын және болатынын айту. Барлық уақытты белгілермен көрсетеді: осы шақ-көгілдір түспен, өткен шақ-сұр-түспен, келер шақ-қызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс көрсететінін көреміз.

Қане, бастайық!

Бүгін балалар мектепке бара жатыр.

Кеше біз саяжайдан келдік.

Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді.

Құстар ұя салып жатыр.

Тауда ұяда балапандар пайда болды.

Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жасап жатыр.

«Тез жауап бер».

Мақсаты: Балаларды жіктеуге, салыстыруға, жалпылауға жаттықтыру. Құстар, жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.

Ойынның ережелері. Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа олар жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа ойыншы фишка алады.

Кестеге сұрақтар.

1 Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?

  1. Кестеде барлығы неше құс? Оларды ата.
  2. Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? (аңдар артық).
  3. Бірінші, екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні байқадыңдар? (әр бағанда құстар, аңдар, жәндіктер бейнеленген).
  4. Балықтарды ата.
  5. Құстарды ата.

«Экологиялық пирамида».

Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, эколргиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.

Ойынның ережелері. «Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі. 6 текше қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен алтыншысында- «экологиялық пирамида деген жазу бар.

Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді.

Бірінші беті – күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.

Екінші бетте – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.

Үшінші беті – күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер.

Төртінші беті – күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі.

Пирамида құрастырылғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенін айтады.

«Гүл шоғын құрастыр».

Мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.

Ойынның ережелері. Гүлдің кімге арналғанын, Қайда өсетінің және қалай аталатынын көрсету.

Ойынның барысы.

1.Тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шағын далаға «экскурсия» жүргізіледі. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның, көбелектің, Дәрігер Айболиттің суреттері қойылды.

Бағбан бақтан, көблек шағын даладан, ал Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтінеді. Гүлдердің суреттері араластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар Кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Тәрбиеші мен балалар сыйлықтарға баға береді.

2.«Дүкен». Кейіпкерлер , егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере алса, олар гүл сатады.

3.«Гүл шоғында не артық?». Дала, бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынып тасталынады.

«Зоологиялық домино».

Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.

Ойын ережелері: Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.

Ойынның барысы:

Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Ойынға төрт адам қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратып қойылады. Балалар алты карточкадан санап алады. Сонан соң тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді: Бір-бірінің қасына тек бірдей суретті карточканы қоюға болады. Егер ойынға қатысушының біреуі карточкасыз қалса, онда ол женген болып саналады. Егер керек карточка жоқ болса, онда ол адам өзінің жүрісін жібереді. Карточкаларды араластырып ойынды ары қарай жалғастыруға болады.

«Менің үйім қайда?»

Мақсаты: Балаларды аквариум тұрғындары мен су тоғандарын жіктеп аттарын атауға үйрету.

Ойын ережелері: Өз тобына арналған тапсырмаға сәйкес келетін суреттерді таңдап алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері.

Ойынның барысы: Топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6 топқа бөлінеді (ең көбі-балықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп,сәйкес келетін

карточкаларды таңдап алады,сонан кейін топ болып,бас қосады.Олар жинаған суреттерді қойып,әр топ өз жануарына немесе өсімдігіне «үй» таңдайды(аквариум немесе су тоғаны).

«Кім қандай?»

Мақсаты:Балаларды жәндіктердің сыртқ кейпіне,дағдыларына,мекеніне,қозғалыс тәсіліне анықтама беруге ынталандыру.

Ойын ережелері:кім,не,қандай деген сұрақтарға нақты жауап беру керек..

Ойынның барысы:Тәрбиеші жәндікке анықтама бере отырып,оның сыртқы кейпінің ерекшеліктер,

қозғалыс тәсілдері туралы айта отырып үлгі көрсетеді.Бірінші кезеңде иллюстрациялық

материал қолдануға болады.

«Экологиялық тізбек»

Мақсаты:Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру:тірі табиғат,өсімдіктер,улы өсімдіктер,жыртқыш аңдар.Табиғат заңымен таныстыру:табиғатта жануарлар да,өсімдіктерде өз бетінше тіршілік ете алмайды.

Ойын ережелері:Таңдауға негізделе отырып,экологиялық тізбек құрастыру.

Ойынның барысы:Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды.Балаларға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрларға қарап,тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді.

Мысалы:

Жапырақ-құрт-шымшық-ителгі.

Дәндер-тышқан-аққұлақ-жапалақ.

Ағаш-қоян-қасқыр.

«Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап»

Мақсаты:Мамандықтар туралы білімдерін бекіту.

Ойынның барысы:Әр бала қандай да бірмамандықты ойлап,жасырады,ал қалғандары оны табу керек.Балалар бір-бірден шығады,ал қалғандары сұрақ қояды.Жауаптарына байланысты бала «иә» немесе «жоқ»деп жауап береді. Міне,осы жауаптардан балалар сіздің мамандығыңызды табуы қажет.

«Жұбын тап»

Мақсаты:Балалардың шыны,пластмасса,тері және резина материалдары туралы

білімдерін бекіту.

Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларға шыныдан,теріден,пластмассадан және резинадан жасалған заттардың бейнесі бар суреттерді үлестіріп береді.Балалар топқа бөлінеді.Тәрбиешінің белгісі бойынша,лолар өздеріне жұп табу керек,яғни нақты сол материалдан жасалған заты бар баланы табу керек.Балалар өздерінің екінші жұптарын тапқаннан кейін тәрбиеші олардың дұрыс-бұрыстығын тексереді,олардан неге дәл осы суретті таңдағанын сұрайды.

«Сүйікті қаламызға саяхат»

Мақсаты:Туып -өскен қаласы туралы білімдерін бекіту;үлкендер еңбегі,автокөліктер.

Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп,карточкаларды таратады.Содан соң қаланың көрікті жерлері,үлкендер еңбегі,автокөліктер туралы әңгімелеуге тапсырма береді.Балалар қолдарындағы карточка бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені мазмұнды айтқан топ жіңішке жетеді. Топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.

«Кім тапқыр?»

Мақсаты: Берілген дыбыстың орның таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып,

жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Көрнекілігі:берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер,

ойыншықтар,жалаулар.

Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында,

соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс

сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді

«Қарама – қарсы сөздер».

Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту,

Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Көрнекілігі: доп, карточкалар.

Ойын шарты: тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге

Кері лақтырып, айтылған сөзге қарама- қарсы сөзді айтуы керек.

«Сөз ойла, тез ойла».

Мақсаты: берілген дыбысқа, сөз ойлап, ойлаған сөздегі дауысты, дыбыссыз

Дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер

(дыбыстардын дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше

белгісі бар.)

Ойын барысы: тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді.

Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады.

Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін

алып сол дыбыстан басталатын заттарды атайды.


Жарияланды: 29.04.202023:58

Автор: