Дидактикалық тапсырмалар

Дидактикалық ойындар

«Өз үйіңді тап»

Өз үйіңді тап Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер. Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалу.

«Мынау қай пішін?»

Мынау қай пішін? Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

«Суреттерді құрастыр»

«Суреттерді құрастыр» Мақсаты: Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту Шарты: Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі Көрнекілігі: әр түрлі суреттер: жемістердің,көкөністердің немесе ойыншықтардың суреттері

«Көп және біреу»

«Көп және біреу» Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер. Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.

«Төлдерін тап та, көрсет»

«Төлдерін тап та, көрсет» Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу Шарты: тақтада көрсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету. Керекті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: жануарлардың, төлдердің суреттері .

«Үй құрлысының ретін көрсет»

Үй құрлысының ретін көрсет Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Керісінше айт»

«Керісінше айт» Мақсаты: Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. Көрнекілік: доп, суреттер. Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Соған байланысты суреттер көрсетіледі.Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.

«Бақшада ма, бауда ма?»

«Бақша да ма,бау да ма?» Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру.Олардың айырмашылықтарын түсіндіру Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады.Сонан соң көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қатыстырады Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттері

«Таныс пішіндер доминосы»

«Таныс пішіндер доминосы»  Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді Ойынның көрнекілігі: Пішіндер бейнеленген суреттер

«Үлкен-кіші»

«Үлкен-кіші» Мақсаты: Түстер туралы білімдерін бекіту,заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету.Үлкен-кіші, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту Ойынның мазмұны: Әр түрлі көлемдегі ойыншықтар мен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады Көрнекілігі: Ойыншықтар мен жануарлар суреттері

«Не жоқ?»

«Не жоқ?»  Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту, жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. Шарты: ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар

«Танып ал да, атын ата»

Танып ал да, атын ата Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.

«Бес санына шапалақта»

Бес санына шапалақта   Мақсаты: Беске дейін санап және тәрбиешінің ұсынысы бойынша әрекетті орындап үйрету.  Ойын барысы: ойынды екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5-ке дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсың.

«Не ұшпайды?»

«Не ұшпайды?» Мақсаты: ұшатын және ұшпайтын заттарды ажырата білу Ойынның шарты: Суреттен ұшатын, үшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу. Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар, құстардың суреттері.

«Кім жылдам?»

«Кім жылдам?» Ойынның мақсаты: шапшандыққа, жылдамдыққа үйенеді . Ойынның шарты: Шашылып жатқан көкністер мен жемістерді екі себетке жинайды Керекті құрал-жабдықтар: жемістер мен көкөністер муляждары.

«Кімге не керек?»

«Кімге не керек» Ойынның мақсаты: Түрлі мамандықтың еңбек құралдарын танып айта білуге үйрету Ойынның шарты: Тәрбиеші тақтаға әр түрлі мамандық иелерінің суретін орналастырады.Үстел үстінде мамандықтарға қажетті құрал жабдықтар бейнеленген кәртішкелер. Тәрбиеші осы бейнеленген кәртішкелерді сәйкестендіріп, өз мамандық иелерінің қасына орналастыру керектігін түсіндіреді. М/ы: тігіншіге-ине,құрылысшыға-қалақ, мұғалімге-кітап т.б Көрнекілігі: Әртүрлі мамандыққа қажетті құрал-жабдықтар бейнеленген карточкалар

Дидактикалық ойындар

1.«Үй жануарлары»

Ойын мақсаты: Үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.

Ойын шарты: Дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй жануарларын алып, алған жануардың дене мүшелерін атату, олар туралы мейірімді сөздер айту.

  • Балалар малдың төлдері қандай? (әдемі, сүйкімді.)
  • Қалай еркелетеміз? (ботақан, қошақан.)
  • Төлдер қалай ойнайды. (секіреді, жүгіреді.)

Мен өлең оқимын, сендер қандай төлдер екенін айтып, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетесіңдер.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдеме құлағың,- деп нені атаймыз?- Лақты.

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.- Бұл не?- Бота.

Әукім- әукім, әукешім,

Қасиыншы әукешін.

Енең әне келеді,

Ақ мамасын береді.- Бұл не?- бұзауым.

Қырау-қырау құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.- Бұл не?- құлыншақ.

Балалар әжелерің, аталарың еркелеткенде қандай сөздер айтады?- құлыншағым, қошақаным, ботақаным т.б.

 2.«Кім тез жинайды.»

Ойын мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіреді. Себеттің сыртында алма мен қиярдың суреті жапсырылады. Алманың суреті бар себетке жемістер, ал қиярдың суреті бар себетке көкөністер салынады.

Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар ойынды бастайды. Ойын соңында қай топ тез әрі дұрыс жинайды сол топ марапатталады.Ойынды топта я болмаса аулада ойнауға болады. Ойын 4-5 рет қайталанады.

3.«Қоянға көмектес.»

Ойын мақсаты: Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстырып, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үрету.

Ойын шарты: Балалар бізге қонаққа қоян келді, ол бізбен бірге ойнағысы келеді. Балалар көздеріңді жұмыңдар, ал қоян бұл кезде көкөністердің қасына сандарды қояды. Балалар көздерін ашқанда қандай санның тұрғанын айтып берулерің керек. Тапқан баланың еңбегі бағаланып отырады. Ойын 3-4 рет қайталанады.

 4.«Пішінді құрастыр.»

Ойын мақсаты: Түстер мен пішіндер арқылы құрастырып үйрету. Есте сақтау, көру, ажырату қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Балалардың алдына әр түрлі пішіндер беріледі. Ол пішіндерден суреттегі көрсетілген заттарды құрастырады. Түсі мен пішінін дұрыс ажыратулары керек.

5.«Артығын тап.»

Ойын мақсаты: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту. Тапқырлық қабілеттерін дамытып, ойынға деген қызығушылықтарын дамыту.

Ойын шарты: Балалардың алдына аңдардың суреті бар конверт таратылады.Балалар суретті алып ненің артық екенін ажыратып табулары керек.

6.«Ыссы- салқын.»

Ойын мақсаты: Өсімдіктер туралы түсініктерін дамыту. Балалардың сөздік қорларын байытып, тапқырлыққа, ойлампаздыққа баулу.

Ойын шарты: Өсімдіктерді балалар көре алатын, қолдары жететін, орындарын ауыстырып қоюға болады. Санамақ айтып ортаға бастаушы баланы таңдайды. Ол бала есіктің артына шығады. Допты өсімдікткрдің артына жасырады. Ішке «кір» деген кезде допты қай өсімдіктің артына жасырғанын тауып алу керек. Тапқаннан кейін допты алуға болады. Бастаушыға допты балалар іздеуге көмектеседі, доптан алыстап кетсе «салқын, салқын» деп, жақындаса «жылы,жылы» деп, қасына келсе «ыссы, ыссы» деп белгі береді. Яғни сол жерден допты іздеу керек.

Ойынды басында 4-5 өсімдіктермен, үйренгесін 10 шақты өсімдіктерді қолдануға болады. Допты тапқан бала «мен допты  бегония ханшайымы гүлінің артынан таптым», я болмаса «мен допты арқар мүйізі гүлінің артынан таптым» деп тапқан гүлдерінің аттарын атап айтулары керек. Балалар барлық өсімдіктермен танысқаннан кейін ойын ойналады.

7.«Жер, су, ауа, от.»

Ойын мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, тез жауап беруге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар шебер құрып тұрады, допты бір балаға лақтырып  «Жер» деген кезде жердегі өсімдіктер, заттар, адам, ұй, жануарларды атап айтады, «су» дегенде суда тіршілік ететін балық аттарын, су көліктерін атайды, «ауа» дегенде ұшақ түрлерін, құстардың атарын, аспан, бұлт, ай, жұлдыздың аттарын атайды.

Бұл ойынды екінші бағытпен ойнатуға болады.

«Ауа» дегенде кезде балалар қолдарын жоғары көтереді, «Су» дегенде қолдарын алға созып жүзеді, «от» дегенде қолдарын былғайды, «Жер» дегенде қолдарын төмен түсіреді.

8.«Тез жауап бер.»

Ойын мақсаты: Түстерді, пішіндерді, сапасын дұрыс атай білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады, допты кім қағып алады сол бала заттың аты мен түсін айтып допты келесі балаға лақтырады. «Жасыл»- жапырақ, «көк»- аспан, «сары»- күн, «қызыл»- гүл, «ағаш»- отырғыш, «тас»- үй, «темір»- қасық т. б. Ойынды үйренгесін тапсырманы күрделендіруге болады. Бір сөзбен жауап бермей екі,үш сөзбен жауап беруге болады.

9.«Дыбыстар қайда орналасқан».

Ойын мақсаты: Дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Үш сандықша жасалынады.Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында, екінші дауысты дыбыс ортасында, үшінші дауысты дыбыс аяғында көрсетілген. Балаларға  жазылған сөздер үлестіріліп береді. Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.

10.«Көкіністер мен жемістер»

Мақсаты: Жемістермен, көкіністерді айыра білуге, атай білуге   үйрету.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, жылдамдыққа үйрету.

Ойын шарты: Екі жерге екі себет қойылады.Үстел үстіне көкіністер мен жемістерді шашып тастаймыз.Балалар көкіністер мен жемістерді ажыратып екі себетке бөліп салады.

  1. «Нені қайдан алуға болады?»

Мақсаты: Адамға қажетті заттарды тани, талдай білуге, нені қайдан алуға болатынын үйрету, сөздік қорларын байыту.

Ойын ережесі: Тәрбиеші  үстел үстіне нанның, киімнің, ыдыстың, сүт пен ет тағамдарының (шұжық ет) суреттерін қояды.Бұл суреттер «Дүкенді» бейнелейді.Суреттердің жанында түрлі заттар аралас жатыр.Шақырылған бала суреттің ішінен біреуін алады да не екенін, қайда сатылатынын айтады.

Мысалы: — Пальтоны, көйлекті қайдан алуға болады?.

— Киім сататын дүкеннен аламыз.

— Ыдыстарды (кесе, қасық) қайдан алуға болады ?.

— Ыдыс сататын дүкеннен аламыз.

Бала суреттің ішінен біреуін алады да, сол дүкенге апарып қояды.

  1. «Ненің төлі жоқ?»

Мақсаты: Үй жануарларын ажырата білуге, оларды төлдерін ажырата білуге, жануарларды күте білуге, қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.

Ойын ережесі: Ойыншық үй жануарлары үстел үстінде тұру керек.Балалар ойыншықтарды мұқият қарап алады.Тәрбиешінің белгісі бойынша көздерін жұмады, сол кезде тәрбиеші үй жануарларын бір төлін тығып тастайды.Тәрбиеші  ненің төлі жоқ деп сұрайды?.Балалар жауап беру керек.Ойын бірнеше рет жалғастырылады. 

  1. «Шектес сандарды ата».

Мақсаты: Балаларға ойынға деген қызығушылықтарын    арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі: Бұл ойын үшін бірнеше бөліктен жасалған карточка болу керек.Торкөзге жазылған сандар, ал бір торкөзге сан жазылмайды.Балалар сол жоқ санды тауып алып атау керек.Ойын бірнеще рет қайталанады.

14.«Қажетті сөзді тап».

Мақсаты: Тапқырлыққа, ойланып жауап беруге, сықақ сезімін дамыту.

Ойын ережесі: Тәрбиеші бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез атауға тиісті.Мысалы: тоқылатын заттарды ата десе, балалар- шұлық, шәлі, қолғап, жемпір деп жауап береді.Қайда, немен, кім тоқиды?.- Фабрикада машинкамен, үйде бізбен тоқымашы тоқиды.

— Тігілетін заттарды ата- көйлек, етік, тымақ,көрпе, пальто Т.Б.

— Қайда, немен, кім тігеді?.

  1. «Сыңарын тап»

Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.Байқампаздыққа және шапшаңдыққа үйрету.Ойынға қызығушылықтарын арттыру.Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ойын ережесі: Геометриялық пішіндерді алып, қақ орталарынан кесу.Балалар сол геометриялық пішінді тауып құрау қажет.Ойын бірнеше рет қайталанады және геометриялық пішіндердің түр-түстерін айтып беруге тиіс. 

  1. « Қателеспе»

Мақсаты: Спорт түрлерін анықтауға және білімдерін бекітуге жаттықтыру.Спортпен шұғылдануға деген талабыне арттыру.

Ойынның шарты:

Спорттың бір түрі бейнеленген суретті кім бірінші табады, сол ойынның жеңімпазы болады.

17.«Кім тез жинайды?»

Мақсаты: Көкіністер мен жемістерді айыра білуге, топқа бөле білуге, шапшаңдыққа баулу; тәрбиешіні тыңдай білуге тәрбиелеу.

Ойынның шарты:

Себеттің сыртында жапсырылуы тұрған көкініс пен жемістер бойынша жемістер мен көкіністерді себетке жинау.

18.«Экологиялық бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін сақал-мәтел, тақпақтар, тиым сөздер арқылы білімдерін алттыру.

Ойынның шарты:

Балалар бағдаршамның кез-келген түсін таңдап алады да сол түстегі тапсырманы орындайды.

Қызыл түс- тыйым сөздер

Жасыл түс- тақпақтар

Сары түс- мақал-мәтелдер

 19.« Сыңарыңды тап»

Мақсаты: Балаларды әсемдік әлемін танып білуге үйрету, гүлдер туралы толық түсінік беру.Гүлдерді күтіп баптауға тәрбиелеу, түстерді айыруға үйрету.

Ойынның барысы:

Балалар екі топқа бөлінеді.Балалардың қолдарында гүлдердің суреттері.Балалар өз суреттерін екінші  топтан табу керек, қолдарынан ұстап, алға шығып, гүл туралы айту керек,(гүлдің аты, түсі т.б.)

  1. «Жол белгілерін қою»

   Мақсаты: Балалардың жолда жүру туралы алған білімдерін тиянақтау, жол белгілерін айыра білу.Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Ойын барысы:  

Балаларға көше макетін мұқият қарау ұсынылады.Сосын қай жерге қандай белгі қою керектігін айтқыза отырып, жол белгілерін қою.

  1. «Сиқырлы сандық»

Мақсаты: Дыбыстарды анық, асықпай, дұрыс айта білуге үйрету.Сөздерде дыбыстың дұрыс айтылуына назар аударту.

Ойын барысы:

Тәрбиеші әдемі сиқырлы сандықтан неше түрлі ойыншықтарды шығарады (Бота, құлыншақ, аю, мысық, машина).Балалар ойыншықтар арқылы сөйлемдер құрап береді.

  1. «Үй жануарлары мен төлдері»

   Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстыру, төлдерін айыра білуге үйрету.

Ойынның шарты:

Үй жануарларының төлдерін айыра білу.

23.«Дүкенші»

   Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру.Рольге  бөліп ойнауға үйрету және оларды айыра білуге баулу.

Ойынның шарты:

  Тәрбиеші дүкенші болып ойнайды.Балалар сатып аоушы борлады.Балаларға заттың түсін және қай жерде қолданылатынын білгізу.

1-ші сәбилер тобы

Қуыршақтарға қонаққа.

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.

Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.

Қоңырау қайдан естіледі?

Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», – дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.

Жолмен (жалғыз аяқ жолмен).

Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.

Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.

Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.

Кішкене өзен арқылы.

Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», – дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», – деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.

Поезд.

Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», – дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.

Жел көбік.

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады.

Көпіре гөр көбік-шар,

Көпіре гөр кеңіп шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», – дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.

Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).

Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.

Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.

Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)

Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.

Күн мен жаңбыр.

Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», – дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», – дейді, ойын қайта басталады.

Допты қуып жет.

Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.

Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.

Ойын варианты.

Ойын үшін түрлі түсті шарлар (ағаштан немесе пластмассадан жасалған) таңдап алынады. Оларды кәрзеңкеге салып, тәрбиеші балаларды шақырады, шарлардың қандай әдемі, олардың түсі қандай екендігін де айтып береді. Одан кейін: «Қараңдар, шарлар қалай домалап кетті… қуып жетіңдер де қайтадан кәрзеңкеге салыңдар» – дейді. Балалар кішкене шарларды қуып жетеді де кәрзеңкеге апарып салады.

Ойын қайталанған кезде педагог кімнің қандай шар әкелгенін жариялайды: қызыл, сары, т.б.

Пластмассадан жасалған шармен ойынды учаскеде де, тоғай ішіндегі алаңда да өткізуге болады; ағаштан жасалып, сырты жылтыратылған шармен оның бүлінбесі үшін, үй ішінде, кілем үстінде ойнаған дұрыс.

Тәрбиеші балалардың бір жерге шоғырланбай, бүкіл алаңның бойымен жүгіруін (әр бала өз шапшаңдығымен жүгіреді) қадағалайды.

Алғашқыда ойын азғана балалармен жүргізіледі, одан соң бірте-бірте ойнаушылардың саны көбейе түседі.

 

Жүктеу: Толығырақ…

 


Жарияланды: 30.04.202000:02

Автор: