Электрондық қаржылық

 

Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде «Оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру» мақсатында  9 «А» сыныбында ашық сынып сағаты өтті.

Сынып сағатына Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ – дың түлегі, экономика бакалавры, маркетинг магистрі, «Электржабдықтау» ЖШС-нің бас экономисті Кишкентаева Қ.М. шақырылды.

Кишкентаева Қарлыға өз еңбек жолына тоқталып, қаржы туралы жалпы түсінік бере отыра оны қалай тиімді басқару жолдарына тоқталып, тәжірибемен ұштастырды. Тақырыпты игеру мақсатында оқушылар топтарға бөліне отырып, өз бизнес-жоспарларын құрып, қорғап шықты.

Сабақ соңында топ нәтижелерін қорытындылай келе Кишкентаева Қ.М. оқушыларға сәттілік тілеп, әр топ оқушыларына болашақ кәсіпкер ретінде өз тарапынан алғашқы жарнасын сыйға тартты.

Қорытындылай келе, оқушылар өз бойларында қаржы туралы бастапқы түсінік қалыптасқанын,алдағы уақытта осындай ашық сынып сағаттарына уақыт көбірек бөлінсе екен деп ұсыныс жасады.

 

Абдрахманова Гульбаршын Мухаммедиевна

Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі

химия-биология пәнінің мұғалімі,

                     Ақадыр кенті

 


Жарияланды: 12.03.201909:15

Автор: