География, биология және химия пәндері бойынша«Жаңартылған біліммен болашаққа» атты апталықтың қорытындысы. Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі

 

География, биология және химия пәндері бойынша

«Жаңартылған біліммен болашаққа» атты апталықтың қорытындысы. Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі

 

Мақсаты:  Жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығына бағыт бағдар бере отырып, оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді  қолдана  отырып, жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру мен жеке тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру.

 

Жалпы жекелей тоқталатын болсам,апталық жоспарына сәйкес жоспарланған барлық іс-шаралар мен ашық сабақтар өз уақытында өтті. 26-ші қаңтарда жоспарға сәйкес апталықтың ақпараттық бұрышын әзірлеу жұмысы жүргізілді. Кафедра мұғалімдері толық ат салысып, ұжым болып көмектесті.

 

28-ші қаңтар күні апталықтың салтанатты ашылуы ауа райының қолайсыздығына байланысты болмай қалды. Апталықтың құрылған жоспарына сәйкес 29-шы қаңтар күні биология  пәнінің мұғалімі Абдрахманова Гульбаршын Мухаммедиевна  8 «В» сыныбында «Адам қаңқасының  құрылысы» атты жаңашыл сабағын өткізді. Жалпы сабақ құылымына қарай жаңашылдыққа дәлірек айтсам, жаңартылған білім мазмұны бойынша жоспарланған.

 Сыныпта топтық пен жұптықта жекелеген жұмыс түрлері жасалды. Сабақта оқушылар жан-жақтылықпен және мұғалімге деген жауапкершілікті көрсете отырып ат салысты. Жалпы барлық сынып толық белсенділік танытып, топта ұйымшылдықпен  жұмыс істеуге әрекет жасады.

 

 

Сабақ соңында оқушылар екі жұлдыз бір тілек арқылы және бағалау парағы арқылы бағаланды. Келесі кезекте  10сыныптар арасында Қызық екен телевикторинасы  ұйымдастырылды.  

 

 

Телевикторина барысында, логикалық тапсырмалар мен барлық пәндер бойынша қызықты ақпараттар қамтылды.Сыныптан тыс шарада 12 ұяшық бойынша тапсырмалар әртүрлі бағытта сұрақтар  мен  жауаптары бейнеролик бойынша және зертханалық жұмыс ретінде көрсетіліп отырды. Сонымен қатар, 5-6 сыныптар арасында «Жанартау макеті» байқауы жарияланып, үздік деген макет марапатталды. 30-шы қаңтар күні ІІ-ауысымның 3-ші сабағында «ҰБТ» сұрақтары атты ұтымды дайындық түрлерін көрсету мақсатында 11-ші сыныптармен сұрақ-жауап ретінде сайыс өтті.

Жалпы атап айтқанда сайыс сабақта жұптық жұмыс және жеке жұмыс  түрлері тиімді қолданылды. Сонымен қатар  сабақтың басынан аяқталу кезеңіне дейін оқушылар түрлі формада тапсырмалар орындап, биология мен химия пәндері бойынша толық тапсырмалар орындалды. Сыныпта оқушыларға қосымша бейнематериалдар көрсетіліп сабақты қорытындылап, әр кезең мадақтау түрлерімен бағаланып отырды.

 

 

Келесі кезекте биология пәнінің мұғалімі жас маман  Амир Роза Айдарқызы  «Тіршілік үшін күрес» атты жаңа материалды игеру мақсатында  9 «В» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы мұғалімнің жоспарына сай өткізілді. Сабақта топтық жұмыс ұйымдастырылып, жекелеген тапсырмалармен жалғасып жатты.

 

 

Сабақ жаңартылған білім мазмұны бойынша, жаңа әдіс- тәсілдердің барлығы тиімді қолданылды. Жаңа тақырыпты игеру мақсатында оқушыларға бейнематериал ұсынылды. Содан кейін  әр топ постер дайындап қорғады. Бағалау смайликтер арқылы жүзеге асырылды.  Мұғалім дайындығы өте жоғары сабақтың әр кезеңін үйлесімді басқара білді. Сынып толық белсенділік танытты.

Келесі кезекте ІІсанатты химия пәні мұғалімі  Мухамедиева Гульжазира Жайыковна «Алюминий және оның қосылыстары» атты 9 «А» сыныбында аралас сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологиялар, ұялы телефондар арқылы жауап қабылданып, интербелсенді тақта арқылы мозайка құрастырылды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, жауап парағына өздерін бағалап отырды. Сабақ соңында әнмен қорытындылап, сабақтан алған әсрлерімен бөлісті.

 

 

Келесі кезекте, апталықтың жоспарына сәйкес ІІ санатты биология пәнінің мұғалімі Ерманалиева Ұлданай Ержановна  « Жануарлардың қозғалыс мүшелері » атты 7 «В» сыныбында зерттеу сабағын  өткізді. Сабақ жұптық жұмыспен ұйымдастырылды. Сабақ тақырыбын бейне материал көрсетуарқылы ақпаратпен толықтырып өтті. Оқушылардың жалпы белсенділігі жоғары және мұғалімнің бағытымен оқушылар өзара тіл табыса білді. Сабақ ортасында жаңа тақырыпты ашу мақсатында әр топ постер қорғап, мұғалім қосымша ақпаратпен толықтырып отырды.  Сонымен қатар, оқушылар топтық жұмыста жануарлардың буын қозғалысын көрсету мақсатында мозайка құрастыра отырып, танграмм бойынша құс немесе жануар бейнесін құрастыру тапсырмасы берілді. Оқушылар жоғары белсенділікпен орындай білді.

 

 

Сабақ соңында, оқушылар сабақтағы алған қосымша ақпараттар көзін пайдалана отырып, мұғалімге жазбаша  рефлексия қалдырып кетті. Апталықтың соңғы кезеңінде ары қарай жалғасын ІІ санатты география  пәнінің мұғалімі Схах Камшат  пен Тасболат Сәулет Мұратұлы  «Логика қайда?» атты мұғалімдер арасында кафедрааралық интеллектуалды ойын сабағын өткізді. Байқау  өте жоғары деңгейде өтті. Байқау кезеңдері:  Үш сурет бір сөз , Не жетіспейді?, Екеуі біреуінде және соңғы тур Блиц-тур .

 

 

Қатысып белсенділік танытқан мұғалімдер: тарих пәні мұғалімі Есенов Сырым Уалиханович, биология пәні мұғалімі Абдрахманова Гульбаршын Мухаммедиевна, бастауыш сынып мұғалімі Торгаева Алмаш Калижановна, математика пәні мұғалімі Тлеуғабыл Ақерке Ерболқызы және денешынықтыру пәні мұғалімі Қоянбаев Айқанат Құралұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Муханова Шыршагүл Жайдарманқызы. Сайыс барысында екі топқа яғни жалынды жастар мен білімді орта буын мұғалімдері болып бөлінді. Мұғалімдеріміздің орта буын өкілдері асқан логикалық ойлау дәрежесімен ерекшеленіп жеңіске жетті. Жеңіске жеткен және жеңіліс тапқан топтарда марапатталды.


Жарияланды: 07.03.201907:52

Автор: