География пәнінен өткен аудандық семинар

 

«Бейнелі карта» жобасы аясындағы Ж.Ақылбаев ат.ЭМГ-да аудандық семинар өтті

Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 13 ақпан күні Ж.Ақылбаев атындағы экспериментальды мектеп-гимназиясында аудандық «Бейнелі карта»  жобасы аясында «География сабақтарындағы интерактивті карта мүмкіндіктерінің тиімділігі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінің география пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында «Бейнелі карта» жобасының орындалысы туралы айтылды. Ж.Ақылбаев атындағы ЭМГ география пәні мұғалімі Жанабекова Қымбат Жасұланқызы 7-сыныпта «Мұхитта болатын апаттар» тақырыбында, Нұраталды ЖОББМ мұғалімі Абилдина Айнұр «Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерінің географиялық жағдайы» тақырыбында және Ақсу негізгі мектебінің география пәні мұғалімі Рахимберлина Гүлбану 8-сыныпта «Бейнелі карта» жобасы элементтерін пайдалана отырып ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар Талды ЖОББМ география пәні мұғалімі Нуртазина Булбул Манатовна семинарға қатысушы ұстаздармен «Мінсіз мұғалім қандай болу керек?» деген коучинг жүргізсе, Ж.Ақылбаев ат.ЭМГ директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Түсіпханова Бану Амановна «Климаттық қобдиша» экологиялық жобасымен таныстырды. Үзілісте қатысушылар мектеп мұражайын аралады.


Жарияланды: 05.03.201910:49

Автор: