«LessonStudy – ынтымақтастық тәсілі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді

«Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)»КММ-сінде  2020 жылы 13 ақпанда «LessonStudy – ынтымақтастық тәсілі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты білім алушылардың бойында өз мүмкіндіктерін іске асыруға қабілетті, дені сау, әлеуметтік тұрақты    және мобилді, бейімделгіш, өмірдің өзгеріп жатқан жағдайларында өз стратегиясын жасап, өзгере алатын және бақытты сезіне алатын функционалды жеке тұлғаны қалыптастыру.

Семинарға қатысушылармен мектеп тренеріАлибаеваГульжанСаккенқызы«LessonStudy-табысты топ жұмысы» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында әртүрлі амандасу түрін, ойындарын тиімді ұйымдастырды.LessonStudy-дегеніміз не? деген сұраққа жауапты әр топтың алдында жатқан  постерге жазу ұсынылды. Сонымен қатар арнайы әзірленген гүлдерді көңіл-күйлеріне орай постерге орналастырутапсырылды.

Мектеп тренері Бабаханова Гульден Абдрахмановна«Анықталған мәселе және шешу жолдары» тақырыбында таныстырылым жасады. Таныстырылым барысында мектеп-гимназиясында құрылған фокус топтары, зерттеудегі сыныптар, зерттеу сабақтарында қолдналыған әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы айтып, зерттеу сабақтары мен фокус топтарының жұмыстары жайында бейнежазбадан түсірілімдерді көрсетті. Таныстырылым соңында қатысушыларды 3 топқа бөліп, зерттеу сыныптарына қатысуын ұйымдастырды.

1-топ қатысушылары 7 «Ә» сыныбына биология /Айгожина Ә.Ж./ және ағылшын тілі/Тлеуқұлова Ә.Е./, 2-топ қатысушылары 9 «А» сыныбына алгебра /Биғожина Л.И./және физика/Сыздыкова Ж.В/, 3-топ қатысушылары, 8 «А» сыныбына қазақ тілі/Асанова А.К мен орыс тілі / Садуақас Қ.Ж./ сабақтарына қатысып, бақылауға алынған білім алушылардың іс-әркеттерінбақылау парақтарына жазып отырды.

Сабақтар топтамасынан кейін барлық топтың қатысушылары жинақталып, бақылауға алынған білім алушыларының іс-әркеттерін ортаға салды. Кері байланысты Бабаханова Г.А. жүргізді. Сабақ  барысында қолданылған әдіс-тәсілдердің кімге  қалай әсер еткендігін талқылады. Әріптестеріміз бақылауға алынған білім алушылардың іс-әркеттері туралы  өз ойларын ашық айтты.

Семинар соңында Шет ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің директоры Амирова Жанат Ақмолдақызы қорытынды пікірін білдірді.


Жарияланды: 19.03.202015:01

Автор: