Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту қарсанында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің 10 сынып оқушыларымен білім бөлімінің басшысы Е.Ж.Смағұлдың кездесуі

Ауданымыздың бас ұстазы, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Ж.Смағұл Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушыларымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай Құнанбаев -ақылдың ақыны» тақырыбында таным сағатын өткізді.


Елдос Жарылғапұлы оқушыларға  ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы  бұрын оқулық кітап бетінен оқымаған тың деректер айтты. Таным сағатының мазмұнын кластерге бөліп, әр бөлік туралы айтқан сайын тыңдармандарын – бүкіл адамзаттың баласы бас иетін қасиеттер жайлы, әдебиет теориясынан және жалпы қазақ әдебиетіне шолу жасау арқылы оқушыларды қызықтыра түсті. Қазақ жыраулары мен Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мәнін ашып, әндерін шырқап, оқушыларды да диалогқа тартып отырды. Оқушылар Елдос Жарылғапұлымен бірге ақын  Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айтып, өмірбаянына байланысты сұрақтарға жауап беріп отырды.

Таным сағатында оқушылар Елдос Жарылғапұлына «Абайдың қай өлеңін жиі есіңізге аласыз?», «Ұлы Абай шығармашылығына қызығушылығыңыз неше жасыңызда пайда болды?», «Жастарға қандай ақыл айтар едіңіз?»- деген сұрақтар қойып, сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Таным сағатынан оқушылар үлкен әсер алды.  Оқушылар ақылдың бұлағынан сусындап, парасат-пайымы мол таным сағатынан өмірлеріне қажет ұстаным мен ақылды саналарына түйіп алғанына сеніміміз мол.


Жарияланды: 25.10.201913:47

Автор: