Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп-гимназиясы базасындағы тірек

23.10.2019 жылы сағат 15:30 де білім бөлімінің басшысы Е.Ж.Смағұл Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебінің 10 сынып оқушыларына Абайдың 175 жылдығына байланысты дәріс сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып»,

  • Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
  • «Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту,ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
  • Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау.

Сабақтың тақырыбы: «Абай Құнанбаев – ақылдың ақыны»

Себебі: Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек деді.

Эпиғраф: Жүрегімнің түбіне терең бойла,

      Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

     Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

    Мыңмен жалғыз  алыстым,  кінә қойма дей келе сабақ барысында осы өлең жолдарының мән-мағынасы талданып, оқушыларға түсіндірілді.

 

Сонымен қатар лекция барысында Абайдың  Балалық және жастық шағы, Абайдың аналары, Абайдың әкесі Құнанбай, Абай өз заманыда текті отбасынан шыққаны, Абайдың Зере әжесінен тәрбие алғаны, медреседе білім алғаны, оның орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен таныс болғаны, солар арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түскендігі, оның аудармалары, философиялық ой-толғаулары, табиғат лирикасы, өлең жолдарының ұйқастары, қара сөздері, және әндері жайлы мағлұмат оқушыларға екжей- текжей жеткізілді.

 

Сабақ барысында басшы Е.Ж.Смағұл Абайдың, Мағжанның, С.Торайғыровтың өлеңдерінен жатқа үзінділер оқып, оқушыларды қызықтырып, таңқалдыра білді.

Сабақ сонында оқушылар бөлім басшысы Е.Ж.Смағұлға, Абай Құнанбаев туралы сұрақтар қойып, сабақ қызу пікір-таласқа айналды.

Сабақты бекіту: Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. «Даналықты іздесең», Абайды оқы ерінбе деген сөз және бар. Демек білім нәрімен сусындағың келсе Абайды оқы, жас ұрпақ! деген өлең жолдарымен сабақ аяқталды.


Жарияланды: 24.10.201910:18

Автор: