«Ұлы даланың жеті қыры: Әдебиет»  тақырыбында  аудандық семинар өтті

Ағадыр кентіндегі «Балбөбек»  бөбекжайында «Ұлы даланың жеті қыры: Әдебиет»  тақырыбында  аудандық семинар өтті. Мақсаты: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруды, ғұлама ақын – жазушылардың өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтуға үйрету. Халық ауыз әдебиеті арқылы жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Семинар барысында «Біз бейбіт ел ұланымыз» атты балалардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама көрсетілді. «Сәкеннің сыр сандығы» тақырыбында поэтикалық марофон ұйымдастырылып, балалар шағын алаңда белгілі бір ақынның шығармасын кезекпен оқыды. Сонымен қатар бөбекжай педагогтері мен ата – аналар бірлесіп келген қонақтарға балалардың қатысуымен «Әжемнің ертегісі» атты театрланған көрініс тарту етті және «Балаалық шақ әлемі» атты көрме ұйымдастырылған.

 


Жарияланды: 26.05.202008:07

Автор: