Мойынты орта мектебінде өткен үштілділік бойынша семинар

      2019-2020 оқу жылының 26 ақпанында Мойынты ЖОББ мектебінде «Үштілділікті меңгеру-жарқын болашақ кепілі» атты  аудандық семинар өтті. Мақсаты:  білім беру процесінде CLIL  технологиясын қолдануды жүзеге асыру үшін мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту CLIL технологиясын енгізу болып табылады. Шараға келген аудан әдіскерлері, орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері биология, физика, информатика сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты.  Сабақ беру барысында мұғалімдер АКТ мүмкіндіктерін,  оқушылардың танымдық-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту және  функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сабақтың түрлі кезеңдерінде  ағылшын тілінде тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын дамытудағы белсенді оқыту стратегияларын көрсетті. Атап айтар болсақ, физика пәні бойынша  Наймантаева Б.Т. 8 сыныптарда «Сonstant electric current» тақырыбында, биология пәні мұғалімі  Байгаскинова Ж:З.  9 сыныптарда «Sex linked inheritance» және информатика пәні мұғалімі    7 сыныптарда  «If /Else conditional   statements» сабақтарын өткізді. Семинар бағдарламасына сай мектеп оқушылары үш тілде мектеп мұражайы мен көрмені келген қонақтармен таныстырса, семинар соңындағы  концерттік бағдарлама да үш тілде  жүргізіліп, мектепте  қазіргі таңда келешек ұрпақ үшін көп тілділікті меңгерту алға қойылғанын көрсете білді.

 


Жарияланды: 20.03.202008:10

Автор: