ҰБТ жаңа форматы

ҰБТ ЖАҢА ФОРМАТЫ

 

 

ҰБТ-ның жаңа форматының басты ерекшелігі – екіге бөлінуінде: Қорытынды аттестация және ҰБТ. Қорытынды аттестация мектеп түлектеріне, ал ҰБТ жоғары оқу орнына түсушілерге арналған.

 

1.      Қорытынды аттестация

 

Қорытынды аттестаттауды мектеп түлектерінің барлығы тапсырады. Ол 5 пәннен тұрады. 4-еуі міндетті, 1-еуі таңдау пәні.

1) ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша) берілетін уақыт – 3 сағат;

2) алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, берілетін уақыт – 5 сағат;

3) Қазақстан тарихы – ауызша, билеттерге жауап беру арқылы;

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде – Қазақ тілінен, қазақ мектептерінде – орыс тілінен тестілеу түрінде;

5) Таңдау пәндеріне: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тестілеу (оқу бейініне байланысты: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық)

 

Анықтама:

 

Екінші тілді меңгеру деңгейі тестілеу арқылы мынадай блоктарға бөлінеді: 1-блок: Тыңдалым – тест тапсырушыларға екі мәтін беріледі, әр мәтінге қатысты сұрақтар қойылады. Екі мәтінге 10 сұрақ беріледі. 2-блок: Оқылым – тест тапсырушыларға 2 мәтін ұсынылады. Әр мәтінге қатысты сұрақтар беріледі, барлығы 10 сұрақ. 3-ші: лексикалық-грамматикалық блок – тест тапсырушыға 20 тапсырма беріледі.

Мектеп бітіру емтихандарының бәрі түлектердің өз мектептерінде өтеді. Қорытынды аттестаттаудың материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлігі жасап, оны Ұлттық тестілеу орталығы облыстық білім басқармаларына жеткізеді.

Ауызша, жазбаша емтихандарды мектептердегі емтихан комиссиялары бағалайды. Тестілеудің жауап парақшасындағы дұрыс жауаптар кодын да аталған комиссия тексереді.

Қорытынды аттестаттаудың мерзімін ҚР Білім және ғылы министрлігі бекітеді. Шамамен 29 мамыр мен 9 маусымы деп жоспарланып отыр.

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

 

ҰБТ-ның жаңа форматы 5 пәннен тұрады (3 міндетті пән және таңдаған мамндыққа байланысты 2 бейіндік пән):

1) Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма;

2) Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;

3) Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;

4) 2 бейіндік пән – 30 тапсырма. Оның алғашқы 20 сұрағына  бес жауап нұсқасы берілген, ол бес жауап нұсқасының біреуі ғана дұрыс. Сәйкесінше әр дұрыс жауап 1 балл. Ал қалған 10 сұраққа сегіз жауап нұсқасы беріледі: сегіз жауап нұсқасында бір, екі немесе үш дұрыс жауап болуы мүмкін. Тест тапсырушы барлық дұрыс жауапты белгілесе 2 балл, ал біреуінен қателессе 1 балл алады. Мәселен, бір сұраққа берілген 8 жауап нұсқасының 1 ғана дұрыс жауабы бар. Талапкер сол дұрыс жауап берсе 2 балл болып есептеледі. Немесе тағы бір сұрақтың 8 жауап нұсқасында 3 дұрыс жауабы бар делік. Оның 3 нұсқасын да дұрыс белгілесе, 2 балл, ал екеуін немесе біреуін ғана дұрыс белгілесе 1 балл алған болып саналады. Бұл талапкердің аталған пәнді қаншалықты жақсы меңгергенін тексеру тәсілі.

Оқу сауаттылығы мәтіндермен жұмыс жасай білу қабілеттерін тексереді. Яғни, мәтінді оқып қана қоймай, оның мазмұнын ұғыну, мәтіннен ақпаратты таба білу, мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап таба білу дағдыларына негізделеді. Себебі, жоғары оқу орнында талапкер түрлі деректермен жұмыс істеп, оны сараптама жасап, шешім қабылдайды. Яғни, бұл дағдылар университетке түскенде түлекке керек болады.

Математикалық сауаттылық оқушылардың игерген білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білу деңгейін, объектілер мен құбылыстарды салыстыру, жіктеу, талдай білу қабілеттерін анықтайды.

Бейіндік пәндер бойынша тест тапсырмалары талапкерлердің таңдаған пәндерін қаншалықты жақсы білетінін және төмендегі басқа да қасиеттерін анықтауға арналған:

–  Түрлі ақпараттар мен деректерді байланыстыра білу;

–  Түрлі формада ұсынылған ақпараттарды (таблица, графика, диаграмма, т.б-лар) талдап, түсіндіре білу;

– Берілген міндеттерді орындау мен мақсатқа жету үшін іріктеліп алынған ақпараттардың маңыздылығын анықтай білу;

–  қолда бар ақпараттарға баға беру, салыстыру, жүйелеу;

–  түсіндіру, салыстыру, жіктеу, шешім шығару;

–  қаралып отырған заттардың, құбылыстар мен нысандардың құрылымын көрсету.

«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. Олардың бұл артықшылықтары тек қатардағы талапкермен баллдары бірдей болғанда ғана ескеріледі.

Жалпы 120 тапсырма бар. Бірақ, максималды балл 140.  Шекті деңгей – 50 балл. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут (үш жарым сағат).

Тестілеу өткізілетін уақыты ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйырығы арқылы бекітіледі. Шамамен, мерзімдері төмендегідей:

1) Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін (ТКТ 1 маусымға дейін);

2) Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, ТКТ шілденің 17 мен 23 аралығында;

3) Шығармашылық емтихандар: шілденің 8 мен 13 аралығында;

4) Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі (педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау үшін педагогикалық мамандықтарға тапсырушылар);

5) Қайта тапсыру 19-24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және  20-24 қаңтар аралығында (ҚР жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер).

 

Анықтама:

 

2017 жылғы түлектер саны: 130 293 (болжам бойынша). Тестілеуге болжам бойынша 151 206 талапкер қатысады, оның 91 206-сы (70%) мектеп түлектері, 60 000-ы колледж түлектері

 

ЖОО-на түсуге ниетті

 

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері түлектеріне арналған Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ)

Жоғары оқу орнына түскісі келетін ТКББМ түлектеріне арналған кешенді тестілеуге де өзгерістер енгізілді. Егер колледж түлегі ЖОО-на қысқартылған оқу формасы түссе, яғни 2(3) курсқа, онда туысқан 2 пәннен ғана тапсырады. 2 пәнде 60 тапсырма бар.

1) Жалпыбейіндік пән (базалық пән бойынша академиялық білімін тексеру) – 20 тапсырма;

Анықтама:

Жалпыбейіндік пән – мамандықтар тобына арналған. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар бойынша, жалпыбейіндік пән «Педагогика және психология», заң саласы бойынша «Мемлекет және құқық негіздері», ветеренария саласы бойынша «Биология» болып саналады, солай жалғасып кете береді.

2)   Бейіндік пән (академиялық білімінің тереңдігін және  оны тәжірибеде қолдана білу деңгейін тексереді) – 40 тапсырмадан тұрады, 3 блокқа бөлінеді.

– 20 тапсырмада бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауап бар;

– 10 тапсырмада бірнеше жауап нұсқасында бір немесе бірнеше дұрыс жауап бар;

– 10 жағдаяттық тапсырма бір дұрыс жауабы бар (2 жағдайдың сипаттамасы беріліп, әрқайсына бес сұрақ қойылады);

 

Анықтама:

 

Бейіндік пән – таңдаған мамандыққа тән пән. Мысалы, болашақ математика мұғалімдерінің бейіндік пәні – Математика, құқық қорғау органдары қызметкерлерінікі – «Қылмыстық құқық», ал ветеринарларда – «Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы».

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар аталған пәндер бойынша алған білімнің деңгейін толық анықтауға мүмкіндік береді.

3)     Жағдаяттық тапсырмалар – мысал ретінде келтірілген бір жағдайға байланысты сұрақтар жиынтығы. Жағдай күнделікті өмірдегі тәжірибеден алынған. Мұндай тапсырма алынған білімін қаншалықты қолдана алатындығын тексеру үшін қажет. Жағдаяттық тапсырмаға түрлі ақпараттың түрлі формасы ретінде ұсынылған: мәтін, таблица, графика, статистикалық мәліметтер, суретте ж/е т.б. Кей жағдаяттық тапсырмаларда бірнеше ақпарат ұсынылуы мүмкін.

Түлектер алған білімдерін өмірде қолданып, талдай білетіндіктерін, топтап, сұрыптап, оны түсіндіре алатынын көрсетулері керек.

«Туысқан» мамандықтар Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің және техникалық-кәсіптік және орта білімнен кейін білім берудің сәйкестік таблицасы топтамасында көрсетілген. Аталған құжат ҚР БҒМ 2010 жылдың 21 маусымында шыққан №316 бұйрығымен бекітіліп, оған  №489  бұйрық бойынша 2016 жылдың 4 тамызында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Барлығы 60 тапсырма. Тестілеу уақыты 1 сағат 40 минут. Ең жоғары балл 70, шекті деңгей 35 балл. Әр пәннен кем дегенде 50%, яғни жалпыбейіндік пәннен кем дегенде 10 балл, ал бейіндік пәннен кем дегенде 25 балл жинау керек.

Ал колледжде оқыған мамандықтары мен ЖОО-на түсу үшін таңдаған мамандықтары сәйкес келмеген жағдайда талапкерді тестілеу технологиясы ҰБТ-мен бірдей өткізіледі.

Тестілеу түрлерін (ҰБТ, ТКТ) бағалау жүйесі

Бес жауап нұсқасында 1 дұрыс жауабы бар тапсырмаларға 1 балл, дұрыс белгілемесе 0 балл беріледі.

Бірнеше жауап нұсқасында 1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларға (8 жауап нұсқасында 1,2 немесе 3 дұрыс жауап болса):

–          Дұрыс жауап толық белгіленсе – 2 балл;

–          Бір қате кетсе – 1 балл

–          Екі немесе одан көп қате кетсе – 0 балл беріледі.

 

Бейінді пәндер комбинациясы
1 бейінді пән 2 бейінді пән мамандықтар саны
1 математика физика 52
2 математика география 18
3 биология химия 22
4 биология география 12
5 шет тілі тарих 10
6 география шет тілі 4
7 тарих Адам. Қоғам. Құқық 5
8 тарих география 7
9 химия физика 5
10 оқыту тілі және әдебиеті тарих 7
11 шығармашылық емтихан шығармашылық емтихан 33
БАРЛЫҒЫ 175

Шет ауданы бойынша ҰБТ-2017 қорытындысы

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу ағымдағы жылдың 23 маусымында Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп -гимназиясының №812 тест өткізу пунктінде өткізілді.

Мектеп бітірушілер саны 420, оның ішінде ұлттық біріңғай тестілеуге қатысқандар 258,  яғни 61,4% құрайды. Қазақ тілінде тапсырғандар 236, орыс тілінде тапсыратындар 22 (162 оқушы өз өтініштері арқылы ұлттық біріңғай тест тапсырудан бас тартты). Шет ауданы бойынша орташа көрсеткіш 2016-2017 оқу жылында 69 % құрап отыр. Ең жоғарғы (130) балл алған Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының  түлегі Ораза Меруерт Жасұланқызы, 100 баллдан асырып алған 18 оқушы.  Төмен балл (29 балл) көрсеткен Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің түлегі болды.

Аудандық көрсеткіштен жоғарғы балл алған 10 мектеп, аудандық көрсеткіштен төмен орташа балл алған 15 мектеп.

«Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері биылғы оқу жылында қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша берілді. «Алтын белгіге» үміткерлер саны 11. Олар:  Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2 түлегі, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының  5 оқушысы, А.Ермекова атындағы ЖОББМ-нен 1 оқушы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясынан 3 оқушы.

Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 1 түлегі 100 балдан жоғары алған (111), 1 түлегі 100 балға жете алмай қалды(88).

Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының  5 оқушының – 4 түлегі 100 балдан жоғары (ең жоғарғы балл 130), 1 түлегі 100 балға жете алмай қалды (84).

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының  3 оқушы- 3 түлегі де 100 балға жете алмай қалды (ең жоғарғы балл 92, ең төмені 74 балл).

«Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 8. Олар:  Ю.Гагарин ат. МЛ 3 түлегі, Ж.Ақылбаев ат. МГ 1 оқушы, С.Мұқамеджанов ат. ОМ 4 оқушы.

Ю.Гагарин ат. МЛ 3 түлегі- 1 түлегі 100 балдан жоғары (101), 2 түлегі 100 балға жете алмай қалды.

Ж.Ақылбаев ат. МГ 1 оқушы- 1 түлегі 100 балдан жоғары (101балл).

С.Мұқамеджанов ат. ОМ 4 оқушы- 4 түлегі де 100 балға жете алмай қалды (ең жоғарғы балл 95, ең төмені 57 балл).

100 балдан жоғарғы балл жинаған мектептер:

–         Нұраталды ЖОББМ 1 оқушы

–         Ә.Ермекова ЖОББМ 1 оқушы

–         Ю.Гагарин ат.МЛ 2 оқушы

–         Жарык ЖОББМ 2 оқушы

–         Ш.Батталова ат ЖОББМ 1 оқушы

–         Ж.Ақылбаев ат. МГ 11 оқушы

 

Сведения по ЕНТ-2017 в разрезе школ
район/город:  Шетский район
Наименование школы (всех общеобразовательных средних школ) Кол-во выпускников Из них приняли участие в ЕНТ Сумма набранных баллов Средний балл Количество обладателей знака “Алтын белгі” из них приняли участие в ЕНТ
1 ОСШ Мойнтинская 22 10 675 67,5 0 0
2 ШЛ им Ю.А..Гагарина 69 52 3337 66,2 2 2
3 ОСШ им.Маметова 20 7 358 63 0 0
4 ОСШ им.Ш.Уалиханова 10 7 381 54 0 0
5 ОСШ им. Ш. Батталовой 48 35 2226 63,6 0 0
6 ОСШ Жарык 21 14 933 66,6 0 0
7 ОСШ Дарьинская 8 5 337 67,4 0 0
8 ОСШ им.Х.Саранжипова 9 4 200 50 0 0
9 ОСШ   им А..Ермекова 33 11 708 64,3 1 1
10 ШГ им Ы.Алтынсарина 25 16 1168 73 3 3
11 ОСШ им.Абая 4 2 157 78 0 0
12 ОСШ Сакена 15 11 735 66,8 0 0
13 ОСШ Нураталдинская 8 7 506 72 0 0
14  ОСШ Талдинская 15 8 430 61,4 0 0
15 ОСШ Нуринская 11 8 483 60,3 0 0
16 ОСШ им.Мухаметжанова 16 10 631 63,1 0 0
17 ОСШ  Босагинская 9 2 154 77 0 0
18 ОСШ Еркиндыкская 12 10 539 67,4 0 0
19 ОСШ Кызылкой 7 1 51 51 0
20 ЭШГ им Ж.Акылбаева 26 26 2401 94,76 5 5
21 ОСШ Бурминская 11 5 397 79,4 0 0
22 ОСШ Акой 2 1 89 89 0 0
23 ОСШ Батыкская 8 4 312 78 0 0
24 ОСШ Коктенкольская 6 4 293 85 0 0
25 ОСШ Красная- Полянская 4 2 132 66 0 0
26 ОСШ Шетская 4 0 0 0 0 0
ИТОГО 423 262 17633 68 11 11
                  Руководитель Е.Ж.Смагул

 

Скачать: Сведения по ЕНТ-2017 в разрезе школ (xlsx)

 

 Сведения об обладателей знака  “Алтын белгі”
Район/город Наименование школы Ф.И.О. обладателя знака “Алтын белгі” принял (а) участие в ЕНТ                     (1/0) Сумма набранных баллов
1 Шетский район ШЛ им.Ю.А.Гагарина Қадырова Айша 1 111
2 Шетский район ШЛ им.Ю.А.Гагарина Эрикова Назерке 1 88
3 Шетский район ОСШ им. А.Ермекова Каханов Санжар 1 111
4 Шетский район ШГ им.Ж.Акылбаева Амантаева Назерке 1 122
5 Шетский район ШГ им.Ж.Акылбаева Ораза Меруерт 1 130
6 Шетский район ШГ им.Ж.Акылбаева Смайлов Әміржан 1 102
7 Шетский район ШГ им.Ж.Акылбаева Сакеева Айсұлу 1 111
8 Шетский район ШГ им.Ж.Акылбаева Маратова Айгерім 1 84
9 Шетский район ШГ им.Ы.Алтынсарина Бекетаева Аяулым 1 74
10 Шетский район ШГ им.Ы.Алтынсарина Камели Әмина 1 77
11 Шетский район ШГ им.Ы.Алтынсарина Кәрібекова Шырақ 1 92

Скачать: Сведения об обладателей знака “Алтын белгі”  (xlsx)

Скачать: Результаты ЕНТ 2017 г по Шетскому району  (xlsx)