Патронаттық тәрбие

– Қазіргі кезде жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-аналық махаббатын беріп отырған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі – патронаттық тәрбие жолға қойылды. Патронаттық тәрбиенің жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен, айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол. Патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген тұлға жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берілетін тәрбиенің нысаны.

Патронаттық тәрбиеге бала алатын отбасы алдымен білім бөлімінің қорғаншы және қамқоршылық органына қажетті құжаттар тізбесі бойынша құжаттарын жинап өткізеді. Жинақталған құжат бойынша патронаттық тәрбиеге бала алатын отбасы білім бөліміне үміткер ретінде тіркеледі.

– Сонда қандай құжаттар тапсыру керек?

– Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы патронаттық тәрбиеге алуды қалайтыны туралы жазбаша өтініш жазады. Сондай-ақ тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтініш білдіреді. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі мен неке қию куәлігінің көшірмесін тапсырады. Ал егер үміткер некеде болмаса некеде жоқ екенін растайтын анықтама ұсынады. Сонымен қатар жақын туыстарының баланы тәрбиеге алуға қарсылығы жоқ екені жөнінде жазбаша келісімі мен кемінде үш көршінің ұсыным хатын, жұмыс орнынан анықтама мен мінездеме, жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама, отбасы жағдайы туралы анықтама, ерлі-зайыптылардың денсаулық, оның ішінде психикалық жағдайы туралы, есірткіге, алкогольге тәуелді еместігі, өкпе-құрт, тері аурулары және АҚТҚ орталықтарында есепте тұрмайтындықтары туралы анықтамаларды, сотты болмағандықтарын растайтын анықтама, тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжат пен өмірбаяндарын өткізу керек.

Тәрбиелеуші педагогикалық мамандықтың иесі болуы керек

Айта кететін бір мәселе, бұрындары патронаттық тәрбиеге өтінішті кез келген мамандықтың иесі бере алатын еді. Алайда ҚР Үкіметінің 2012 жылы бекіткен 384-қаулысына орай, тәрбиелеуші педагогикалық лауазым иесі болуы керек.

– Баланы патронаттытәрбиенегізіндеаламындеушініңтілегіқанағаттандырылдыделік. Содансоң…

– Содансоң, үміткерлерқаладағыбалаларүйіндегі «отбасынықолдау» орталығына 2 апталықкурстанөтеді. Сосынтағы да 2 аптабойыөзітаңдағанбаламенжақынтілтабысуүшінбалаларүйінежіберіледі. Тәрбиелеуші мен бала тілтабысқанжағдайдаорганменбаланытәрбиелеугеалуғатілекбілдіргентұлғаарасындакелісімшарттүзіледі. Олкелісімшарт 1 жылғажасалады. Егерде 1 жылдыңішіндеасырапалушытұлғаөзін бала асырапалуғаәлі де дайынемесекенін, тағы да қосымшауақыткерекекенінайтатынболса, келісімшарттытағы да 1 жылғасозуғаболады. Осылайшаекітарапбір-бірінеүйреніпбіротбасыболуғадайынболғаншакелісімшарттысозуғаболады. Қорғаншыжәнеқамқоршыоргандарбалаларпатронаттықтәрбиешілергетәрбиелеуге беру кезіндеоныңэтникалықшыққантегін, белгілібірдінгежәнемәдениеткеқатысын, анатілінескереотырып, баланыңмүддесінбасшылыққаалады. Ағайындыларды, олардыңмүдделерінежауапберетінжағдайлардықоспағанда, ажыратуғажолберілмейді. Сондай-ақ он жасқатолғанбаланы беру оныңкелісіміменжүзегеасырылады.

– Эльмира Қанатқызы, қаладапатронаттықтәрбиебойынша бала тәрбиелепотырғанотбасыкөппе?

– 2016жылыкәмелеткетолмаған65 бала қамқорлыққаалынғанболатын. Оныңішіндеаудан бойынша патронаттықтәрбиегеберілгенбала әлі жоқ.Үміткер ретінде 7 отбасы тіркелген.

– Патронаттық тәрбиешілерге мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылған?

– Әрбір баланы асырап-бағуға ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен белгіленген мөлшерде ақшалай қаражат төленеді. Мәселен, бір баланы асырап бағуға 22 690 теңге, ал тәрбиелеушіге айлық жалақы ретінде 40 000 -60000 теңге төленеді. Қорғаншы және қамқоршы органдар патронаттық тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесі үшін қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге міндетті және патронаттық тәрбиешілерге жүктелген баланы асырап-бағуға, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Тілге тиек ететін жайт, егер бала 18-ге толса немесе тәрбиешімен бала тіл табыса алмаған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы органы патронаттық тәрбиеге бала алған отбасымен келісімшартты бұзып, мемлекет тарапынан берілетін қаржы тоқтатылады. Сондай-ақ осы жерде айта кететін бір жайт, патронаттық тәрбиешілерге берілген бала алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға, меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуге құқығы болады.

– Патронаттық тәрбиеге берілген балалардың қалай өмір сүріп жатқандығын кім қадағалайды?

– Патронаттық тәрбиеге берілген балалардың жай-күйін өзінің тұрғылықты мекенжайына бекітілген білім мекемесімен қалалық білім бөлімінің арнайы қосымша және мектепке дейінгі білім беру, қорғаншылықпен қамқоршылық жұмысын дамыту секторының үнемі бақылау жасап отырады. Сонымен қатар патронаттық тәрбиеге бала алған тәрбиеші ай сайын балаға жұмсалған қаржының есебін жазбаша түрде өткізіп отырады.

– Сұхбатыңызғарахмет.

Сұхбаттасқан – С.Жосалбай

Дүние есігін ашпай жатып жетімдіктің ащы дәмін татқан еліміздегі балақайлардың саны аз болғай деген ниеттеміз. Жетімдіктің құрығына ілініп, ата-ананың аяулы алақанын сезіне алмай екі көзі телміріп, ата-анасын зарыға күтіп жүрген балақайлардың да айы оңынан туып, мейірімі шексіз жандардың махаббатына бөленсе екен дейміз. Ал патронаттық тәрбиеге алам деушілердің көздегені қаржы емес, шын мәнісінде де балаға деген сүйіспеншілік махаббат болғай.

Артықболмасбілгенің…

1. Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардытәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру.

2. .Қорғаншы және қамқоршы органдар балалар патронаттық тәрбиешілергетәрбиелеуге беру кезінде оның этникалық шыққан тегін, белгілібір дінге және мәдениетке қатысын, ана тілін ескере отырып, баланың мүддесін басшылыққа алады. Ағайындыларды, олардың мүдделеріне жауап беретін жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейді.

3. Баланы патронаттық тәрбиешілерге беру пікірі ескеріле отырып, ал он жасқа толған баланы беру оның келісімімен жүзеге асырылады.

4. Патронаттық тәрбиешілерге берілген бала алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-а қтұрғын үй-жайғ меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуге құқығы болады.

5. Патронаттық тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Әрбір баланы асырап-бағуға ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай қаражат төленеді.

6. Қорғаншы және қамқоршы органдар патронаттық тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесі үшін қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге міндетті және патронаттық тәрбиешілерге жүктелген баланы асырап-бағуға, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.