САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

2019 жылдың наурыз айының 26-ыншы жұлдызында Жарық жалпы орта білім беру мектебінде мектеп директорлары арасында I аудандық спартакиадасы өткізілді. Спартакиада Шет ауданының білім бөлімінің күнтізбелік жоспарындағы жоспарлы жарыс. Спартакиадаға мектеп басшыларымен бөлімнің басшылары және әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысып  барлығы 80-ге тарта адам қамтылды.  Жарысты жарық жалпы орта білім беру мектебімен білім бөлімінің арнайы тағайындаған төрешілерінің төрелігімен өткізілді. Спартакиаданың мақсаты: мектеп директорлары арасында І аудандық спартакиада сайысы тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастыру. Спартакиаданың ашылу салтанаты Жарық білім беру мектебінің оқушыларының өнер көрсетуімен ашылып, спартакиадаға келген спортшылар, қонақтар және ұстаздар арасында сергіту флешмобымен өрбіді. Спартакиаданың алғашқы құттықтау сөзі Шет ауданы Білім бөлімінің басшысы Смағұл Елдос Жарылғапұлына беріліп, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада да көңілді старт, үстел теннисі, волейбол, мылтық ату, шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы спорт түрлері бойыншасан мықтыларды анықтады. Сайыстар барысында, әрбір спортшы спортқа деген махаббаттарын көрсетіп, өздерін спортта еш осал емес екендігін дәлелдеді.

Сайыстардың қорытындысы марапаттау рәсіміне өрбітіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге білім бөлімінің арнайы тағайындаған медаль, грамота және жекелей естелік кубоктары табысталды. Болашақта, бұл спартакиада өз дәстүрлі деңгейінде сақталып,жалғасады деген ойдамыз.

 


Жарияланды: 08.05.201910:02

Автор: