«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы»

 «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында өткізілген тамыз кеңесінің секция отырыстары

2019 жылдың 5 қыркүйегінде аудан мектептерінің бастауыш сынып бірлестік жетекшілері және бастауыш мектеп директорларының қатысуымен секция отырыстары өткізілді.

Секция отырыстарында биылғы 2019-2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4  сыныптарда білім беру процесі жүзеге асырылатын нормативтік құжаттарымен таныстырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бағдарлама бойынша әдіскер Б.К.Шагирова, бастауыш сынып мұғалімі А.И.Дуанбекова  2019-2020 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын, үлгілік оқу жоспарын, үлгілік оқу бағдарламаларын талқылау жұмыстарын жүргізді.

«Білім беру мазмұнын жаңарту және цифрландыру жағдайында Bilimland қолдану тиімділігі» тақырыбында Байкенова Молдір Болатовна  Ы.Алтынсарин атындағы МГ бастауыш сынып мұғалімі іс-тәжірибесімен бөлісті.

 «Вариативті курстар (пәндер бойынша) бастауыш сыныпта жүргізілетін «Логикалық тапсырмалар» курсы бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында Асылбекова Жанар Мухаммедовна, Ы.Алтынсарин атындағы МГ бастауыш сынып мұғалімі шебер сыныбын өткізді.

4 сыныптың (ОМЖ, ҰМЖ, ҚМЖ) жоспарлары бойынша жұмысты Ж.Ақылбаев атындағы МГ бастауыш сынып мұғалімі  Омарова Нуржанат Мукабылевна көрсетіп, мұғалімдерге түсіндірілді.

 

Уақыты  

Т а қ ы р ы б ы

 

Өту түрі

 

Жауапты

1 10.00-10.10 Секциялық отырысының ашылуы. Шагирова Б.К.

әдіскер

2 10.10-10.50 Нормативтік құжаттармен таныстыру

Жалпыға бірдей білім беру стандарты, 2019-2020 о.ж. оқу жоспары  (Үлгілік оқу жоспарлары 1, 2, 3,4 сынып), 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат

Талқылау Шагирова Б.К.

әдіскер

Дуанбекова Айнагуль Иманкуловна – Жарық ЖОББМ  бастауыш сынып  мұғалімі

 3 10.50-11.30 Вариативті курстар (пәндер бойынша)

Бастауыш сыныпта жүргізілетін «Логикалық тапсырмалар» курсы бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Шеберлік сынып Асылбекова Жанар Мухаммедовна – Ы.Алтынсарин атындағы МГ
4 11.30-12.10 Білім беру мазмұнын жаңарту және цифрландыру жағдайында Bilimland қолдану тиімділігі Іс тәжірибемен бөлісу Байкенова Молдір Болатовна –Ы.Алтынсарин атындағы МГ

 


Жарияланды: 13.09.201913:43

Автор: