Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 30.01.2020 ж «мектеп күні» аталып өткені туралы ақпарат

30.01.2020 жылы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беру мектебі ресурстық орталығының  «мектеп күні» «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында аталып өткізілді.

Мектеп күнінің мақсаты: «Бүгінгі білім беру жүйесі-болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіріп,  бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ тәрбиелеу». Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры Ш.С.Карбозова сөз сөйлеп, мектеп психологтары С.Ж.Саттарова мен И.Р.Бекишева түрлі тренингтер өткізді. Ұйымдастыру сәті пленарлық, практикалық, методикалық, шығармашылық бөліктен құралды. Пленарлық бөлікте ұйымдастыру жұмыстары болса, практикалық бөлікте «Табиғатты зерттейміз. Құмдағы құпия» әдебиеттік оқудан 4-сынып мұғалімі Ж.М.Жумадилова, «АҚШ-тың экономикасы» географиядан 11-сыныпта А.Б.Абеужанова, «Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы мен әрпі» даярлық сыныбында Э.Б.Рахимова, «И.С.Тургенев «Муму» орыс әдебиетінен 6-сыныпта М.Ж.Ракишева жаңартылған бағдарлама бойынша дәріс берсе, үштілділік бойынша «Өткізгіштің электр кедергісі. Меншікті кедергі. Реостат» физика пәнінен 8-сыныпта Д.М.Сатмаганбетова, «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу» 9-сыныпта химия пәнінен Б.К.Ибажанова сабақ көрсетті. Методикалық бөлікте оқушымен, ата-анамен, мұғалімдермен сыныптан тыс жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Ғылыми қоғамның жетекшісі Ж.К.Жанаманова оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» атты композициялық қойылым ұйымдастырды. Мектептің ОІ жөніндегі орынбасарлары А.К.Кошакаева мен М.Т.Салгиева келген қонақтарды мектепке саяхат жасатты.  Мектеп күнінің соңында тәрбие орынбасары А.Р.Абжанова мен О.Т.Мұханбеткәрім «Мектебім-шамшырағым» атты шағын концерттік қойылымнан көрініс беріп, келген қонақтарды шығарып салды.


Жарияланды: 24.02.202016:45

Автор: