Шет ауданының білім бөлімі «Roboland 2019» V Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің халықаралық кезеңі

29-30 наурыз күндері Қарағандыда Робототехника, бағдарламалау және инновациялық бағдарламалардың RoboLand-2019 V-халықаралық фестивалі өтті. Биыл оған 4 елден: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Италиядан қатысушылар келді. Екі күн бойы 14 санат бойынша жарыстар өткізілді. Барлығы 300 астам команда, 800-ге жуық бала мен жасөспірім қатысты.

Аталған фестивалге STEM ROBOT MOUSE, Roboland-Friendship, Лабиринт, Сумо интеллектуальное A (LEGO Mindstorms), Творческая категория «SMART CITY» 5 санат бойынша ауданның құрама командасы қатысты. Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп-гимназиясының, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары және «Нұршуақ» балабақшасы тәрбиеленушілері.
Нәтижесінде: Творческая категория «SMART CITY» санатында Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі ІІІ орынмен, Ж.Ақылбаев ат. ЭМГ оқушылары, «Нұршуақ» балабақшасы тәрбиеленушілері дипломдармен марапатталды.