Тамыз мәслихаты

Ауданымызда «Білім және ғылым» тақырыбында тамыз мәслихаты ашық пікір форматында өтті. Алқалы жиында саладағы атқарылған істер мен болашаққа жоспарлар бағамдалды. Салтанатты шарада еңбегімен ерекшеленген 100-ге жуық ұстаздармен жас мамандар марапатталды.

Келелі кеңесте аудан әкімі Марат Жандәулетов атқарылған жұмыстарға кеңірек тоқталды. Осы жылы өлкедегі 19 білім беру нысандарына жөндеу шаралары жүйелі жүргізілген. Оқу ошақтарының базалары заман талабына сай жабдықталған. Оған 43 миллион теңге бөлініпті. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші бүгінде үштен алты жасқа дейін аралықта 100 пайызды құрап отыр. Ауданға келген жас мамандар да мемлекеттің мүмкіндігін мейілінше сезінуде. Олар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме төлемақыға кенеліп, жеңілдетілген пайызбен несиеге баспана алған.

 


Жарияланды: 06.09.201910:59

Автор: