Ы.Алтынсарин атындағы мектеп–гимназия базасындағы тірек мектебінде  2020 жылғы 18 ақпан күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Үлгілі ұстаз бен өнегелі  шәкірттер мектебі» тақырыбында мектеп күні өткізілгені туралы ақпарат.

Мақсаты: білім мазмұнының жаңаруы жағдайында мектеп мұғалімдерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру және тарату.

 

Міндеттері:

– мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу,

     кәсіби құзыретінің деңгейін арттыру;

  • жетекші және магниттік мектептер арасындағы кәсіби қауымдастық жұмыстарын үйлестіру;
  • білім беру ісін жетілдіру бағытында идеялармен бөлісу;
  • тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, мектеп – ата-ана – оқушы ынтымақтастығы: ата-аналардың педагогикалық білімі мен мәдениетін арттыру;
  • білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
  • үштілділіктің бастапқы сатысын дамыту.
Уақыты Атауы Жауапты Өтетін орны
1 8.30–9.00 Қатысушыларды тіркеу

Таңғы ас

Бопанова А.Ш.

Жақсыбекова А.К.

Фойе
2 9.00–9.10 Мектеп күнінің ашылу салтанаты Сыздыкова Г.Р. Фойе
3 9.15–9.30 Мектепке саяхат.НЗМ іс-тәжірибесін трансляциялау: «Шаңырақ» қауымдастығы, «Оқу шаттығы», «READx» жобасы. «Туған өлке тарихын зерттеу», «Гүлдер сыры» авторлық жобалары. Атаулы дәрісханалар шеберханасы. МТБ Жексенбекова Ж.Т.
ТЕDx: идеялар панорамасы
4 9.30-9.50 Оқушылардың «Дарын» ғылыми қоғамы: «Біз ұстанған бағыт» Алимкулова А.М. Спорт зал
Зияткер және шығармашыл оқушылар алаңы
5 9.50-10.00 «Ұлы дала ұрпақтары» шеберлер қалашығы Асылбекова Ж.М. Спорт зал
Өзара тәжірибе алмасу шеберлікті шыңдайды. Сабақтар галереясы
6 №1

секция
10.00-
10.40

1 топ –Физика. “The laws of conservation of momentum and mechanical energy”

9 «А» сыныбы

Асылбекова Ж.А №33
2 топ –Қазақ тілі. «Болымды және болымсыз етістіктер»

3 «Б» сыныбы

Байкенова М.Б. №4
3 топ – Ағылшын тілі. “My favorite book”

7 «А» сыныбы

Мурсалбеков Б. Қызылқой ММ №24
4 топ –География. «Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары»

7 «А» сыныбы

Абильдина А

Нұраталды ММ

№30
5 топ –Математика. «Ондық бөлшектерді көбейту»

5 «А» сыныбы

Исатаева А.С. №34
6 топ – Әдебиеттік оқу. «Шегіртке мен құмырсқа»

4 «А» сыныбы

Бокенова Ж.Ж. №5
Зертханалық сабақтар және қолданбалы курстар тізбегі
7   №2 секция

10.45-11.05

1 топ –Химия. «Адам ағзасындағы химиялық элементтер»

7 «А» сыныбы

Мыкышева Ж.К. №37
2 топ – Гүлдер сыры. «Бөлме гүлдерінің түрлері және оларды отырғызу»

6 «А» сыныбы

Болтекеева Ф.Ш. №31
3 топ – Биология. «Адам қаңқасының құрылысы»

8 «А» сыныбы

Давренбекова А. Талды ММ №34
4 топ – Мәтін және грамматика. «Зат есім»

2 «Б» сыныбы

Амирова А.Ж. №5
5 топ – Ағылшын елінде. “The little house”. 4 «А» сыныбы Адамбекова А.С. №35
6 топ –Ыбырайтану. «Мейірімді бала»

5 «А» сыныбы

Базылова А.Е. №22
Рухани жаңғырудың тәрбиелік тағылымы
8 №2 секция
11.10 – 11.50
«Өнегелі өмір» ақын Т.Амандықұлымен кездесу. Асылбекова Ж.А. Акт залы
«Отбасы – бақыт мекені» ата-аналармен тренинг. Рашитова Ж.Е. №22
9 11.55-12.30 «Мәңгілік ел ұландары» концерттік бағдарламасы. Аханова Б.К. Спортзал
10 12.35-13.00 «Заманауи мектеп – Жаңа формация мұғалімі – Табысты оқушы» тақырыбында  кері байланыс. Мектеп тренерлары

Сулейменова А.З.

Амирова А.Ж.

Амандыкова К.К.

№30

 

11 13.00-14.00 Түскі ас Асхана

Мектеп күні бағдарламаға сай өз дәрежесінде өткізілді. Әр мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары,  барлығы 65 мұғалім қатысты. Мектеп күнінің ашылу салтанатын мектеп директоры Г.Р.Сыздыкова ашып, мектеп оқушыларырының Ы.Алтынсарин өлеңдерін оқуымен аяқталды. Ашылу салтанатынан кейін мектеп ішіне саяхат жасалды.  Әр қабатта мектеп оқушылары НЗМ іс-тәжірибесін трансляциялау: «Шаңырақ» қауымдастығы, «Оқу шаттығы», «READx» жобасы, «Туған өлке тарихын зерттеу», «Гүлдер сыры» жобаларымен танысып мектепте істеліп жатқан жұмыстармен танысты.  Атаулы дәрісханалар  математика, тарих, химия, қазақ тілі мен әдебиеті дәрісханаларында жүргізіліп жатқан оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан олимпиада, ғылыми жобалармен танысты.

ТЕDx: идеялар панорамасы бөлімінде  Оқушылардың «Дарын» ғылыми қоғамы: «Біз ұстанған бағыт» тақырыбында, 8 сынып оқушысы Зекен Абылай, 9 сынып оқушысы Нуркина Айжан, 9 сынып оқушысы Орынбай Ақләйлек, 9 сынып оқушысы Жанат Айзере ғылыми жобаларын  қорғап өз идеяларын ұсынды.

 Зияткер және шығармашыл оқушылар алаңы «Ұлы дала ұрпақтары» шеберлер қалашығына саяхат жасалып оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысты. «Қызғалдақ» клубының қыздары дайындаған тәттілерін, интернат тәрбиеленушілерінің қолөнерлерімен танысты.  

«Өзара тәжірибе алмасу шеберлікті шыңдайды» Сабақтар галереясы бөлімінде физика пәнінен  Асылбекова Ж.А 9 «А» сыныбында “The laws of conservation of momentum and mechanical energy” тақырыбында, қазақ тілі пәнінен «Болымды және болымсыз етістіктер»тақырыбында 3 «Б» сыныбында Байкенова М, Ағылшын тілі пәнінен  “My favorite book” 7 «А» сыныбында Қызылылқой магниттік мектебінің ағылшын пән мұғалімі Мұрсалбеков Б, география пәнінен «Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары»  тақырыбында 7 «А» сыныбында Нұраталды мектебінің география пән мұғалімі Абильдина А. Математика пәнінен «Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбында 5 «А» сыныбында Исатаева А, әдебиеттік оқудан . «Шегіртке мен құмырсқа» 4 «А» сыныбында Бөкенова Ж оқу мен оқытудың жаңа – әдіс – тәсілдерін қолдана отырып өткізді.
«Зертханалық сабақтар және қолданбалы курстар тізбегі» бөлімінде химия пәнінен 7 «А» сыныбында «Адам ағзасындағы химиялық элементтері» тақырыбында Мыкышева Ж Гүлдер сыры қолданбалы курсынан «Бөлме гүлдерінің түрлері және оларды отырғызу» тақырыбында 6 «А» сыныбында Бөлтекеева Ф,  «Адам қаңқасының құрылысы» тақырыбында 8 «А» сыныбында Талды магниттік мектебінің биология пән мұғалімі Давренбекова А Мәтін және грамматикадан «Зат есім» тақырыбында 2 «Б» сыныбында Амирова А, «Ағылшын елінде» қолданбалы курсынан  “The little house” тақырыбында  4 «А» сыныбында Адамбекова А,  «Ыбырайтану»  қолданбалы курсынан «Мейірімді бала» тақырыбында 5 «А» сыныбында Базылова А  өткізді.
«Рухани жаңғырудың тәрбиелік тағылымы» бөлімінде ақын Т.Амандықұлымен «Өнегелі – өмір» атты сыр – сұхбат өткізілді. Ақындық жолы, өмір жолы туралы оқушылар тәрбиелік мәні бар дәріс алды. Ж.Рашитова «Отбасы – бақыт мекені» атты ата-аналармен тренинг ұйымдастырды. 8 А сыныбының ата – аналары өте белсенділік танытты. «Мәңгілік ел ұландары» тақырыбында дарынды, талантты оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті.  Мектеп тренерлары Сулейменова А.З., Амирова А.Ж., Амандыкова К.К Заманауи мектеп – Жаңа формация мұғалімі – Табысты оқушы» тақырыбында  тренинг ұйымдастырып жақсы көңіл-күй сыйлады. Соңынан кері байланыс жасалып, келген ұстаздар ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтты.


Жарияланды: 24.02.202008:05

Автор: