Проведенная работа

 

 

 

ШЕТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ                                                                                               АКИМАТ ШЕТСКОГО РАЙОНА

ШЕТ АУДАНЫНЫҢ                                                                                                                                            ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ                    

БІЛІМ БӨЛІМІ                                                                                                                                                          ШЕТСКОГО РАЙОНА

 

 

101700, Қарағанды облысы, Ақсу-Аюлы ауылы,                                   101700,Карагандинская область,селоАксуАюлы

Шортанбай Жырау  көшесі, 92                                                                                                            улица Шортанбай Жырау,92

Тел.: (31031) 21-4-41, факс: 21-5-11, e-mail:shetuo@mail.ru                                    Тел:(31031) 22-4-41. факс;21-5-11,е-mail;

Астана қаласыныңҚазынашылықкомитеті  ЖТК 000130355                                                                   mail:shetuo@mail.ru

 

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-  2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аудан көлемінде орындалу барысы  туралы.

 

Білім беруді  дамыту  бағдарламасын  жүзеге  асыру бойынша Шет ауданы білім бөлімінің атқарылған жұмыстары.

 

Бұл  бағдарламаның басты мақсаты – экономиканың  орнықты  дамуы үшін білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, мектепке дейінгі сапалы  тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізу. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және беделін арттыру.Орта білім берудің мазмұныны жаңарту.Мектеп оқушыларының бойында  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани – адамгершілік құндылықтарын және салауатты  өмір салты мәдениетін қалыптастыру, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және жетім балаларға  арналған мекемелердің  тәрбиеленушілерін отбасыларға орналастыру.

Осы тұрғыды білім бөлімінің  мақсаты – білім саласындағы  мемлекеттік  саясатты іске  асыру үшін жағдайлар жасау және барлық құрылымдық  бөлімшелердің  іс – әрекетін үйлестіру.

Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі білім берудегі басты мәселе балаларды  мектепке  дейінгі  оқумен және тәрбиемен қамту.

Мектепке дейінгі  мекемелердің саны – 38. Оның 6-ы балабақша, 32 – шағын орталықтар.Мектеп жасына  дейінгі 3-6 жас аралығындағы  балаларды қамту 100 пайызға жетті.Батық ОМ,Жарық ОМ, Ақой ОМ, Көктенкөлі ОМ толық күнге шағын орталығы ауысуына байланысты материалды- техникалық базасымен қамтамасыз етілді.Биылғы 2017-2018 жаңа оқу жылына Жұмыскер ауылының Абай ЖОББМ мектебінен толық күнді 25 бала  арналған шағын орталық ашалды. Келешекте Кеншоқы аулындағы Нұра ЖОББМ шағын орталық ашу жоспарда бар.

2018 жылы  аудан басынан 50 орынға  арналған  жеке меншік балабақша  ашуға жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Орта білімді  кадрмен қамтамасыз ету бойынша  мектептердегі барлық  педаогикалық  қызметкерлер саны – 1445, оның ішінде: жоғарғы санатты  — 264, бірінші санатты – 544, екінші санатты – 332, санаты жоқ – 305.

Білім ұйымдарының басшыларының біліктіліктерін және кәсіби  құзырлықтарын арттыру   мақсатында 2016-2017 жылы  біліктілікті  арттыру  курстарынан  — 52 басшы өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтап, Шет ауданы бойышща 9 мектеп басшыысы (Ы. Алтынсарин ат. МГ – Д.Бакаев, Ю.А.Гагарин ат. МЛ – Т.Хасенова, М.Мәметова ЖОББМ- С.Махмудова, А.Ермеков ат. ЖОББМ- Г.Тагаева, Нұраталды ЖОББМ – Г.Абекеева, Шет ЖОББМ – А.Абеуова, Ш.Батталова ат. ЖОББМ – Ш.Карбозова, Ш.Уалиханов ат. ЖОББМ – Г. Аженеева, Ортау ЖОББМ – З. Дуйсембаева ) және 4 директордың орынбасарлары сертификаттар  алды.   Үш тілде білім беру жүйесіне  ауысуға  байланысты 2016-2017  оқу жылында  «Биология» — 11, «Информатика» — 8,  «Физика» — 8,  «Химия» — 6 педагог А1, А2 деңгейін бітіріп, сертификаттар алды. 2017- 2018 оқу жылында  «Биология» — 11, «Информатика» — 8,  «Физика» — 7,  «Химия» — 5 педагог  В1, В2 деңгейіне оқуды жалғастыруда. Үш тілде  білім беру әдісін  меңгеру курстарына жіберу үшін тізімі жасалып бекітілді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2016 жылы 42 педагог, 2017 жылы 247 педагог курстан өтіп, сертификат алды. 2018 жылы әзірге 33  педагог оқып сертификат алды. 2018-2019 оқу жылына Жаңартылған білім беру мазмұны курсына 740  педагог сұраныс беріп отыр.

 

Компьютерлік паркі

 

Аудан мектептерінің компьютерлік паркі  1404  компьютерден тұрады. Бүгінгі күні аудан бойынша 1 компьютерге 5 оқушыдан келеді.

2016-2017 оқу жылы   мектептердің компьютерлік паркін толықтыру үшін 2016 жылы 110, 2017 жылы 100 компьютер алынды, алайда бүгінгі күні компьютерлердің көбісі  ескірген, жаңартуды талап етеді.

 

Жаңа заман талабына сай жабдықталған кабинеттер

 

Аудан бойынша мультимедиалы лингафонды кабинет 24 (66%), физика кабинеті 21 (58,3%), химия кабинеті 17 (47,2%),  биология кабинеті 14 (38,8%),  технология кабинеті 4 (10,8%),  4 (10,8) кәсіптік білім беру кабинеті бар. 2017 жылы  4,878 мың теңгеге 4 технология, 17,633 мың теңгеге 2 химия, 2 физика кабинеті алынды  Аудан бойынша жаңа модификациялы  кабинеттердің көрсеткіші  52%. Облыстық көрсеткіш 58,4%.

 

ПИК

 

2016 жылы шағын жинақты мектептерге 42 ПИК (экран, проектор, компьютер), 2017 жылы 42 млн 160 мың  теңге бөлініп, оғын 85 мультимедиялық жабдық алынды. 10 шағын жинақты мектеп НЗМ есебінен қосымша 20 жиынтықпен қамтамасыз етті. 2018 жылы  облыстық бюджеттен 15, аудандық бюджеттен 14 ПИК алу жоспарлануда.

 

Зияткерлік ойындар кабинеті

 

2018 жылы 7 млн теңгеге облыстық бюджеттен 7 зияткерлік ойындар кабинеті алынады. Оған: шашки, шахмат, тоғызқұмалақ, пазл, мазайка т.б. ойындардан  тұрады.

 

Робототехника зертханасы  

 

Білім саласының әлеуметтік- экономикалық дамыту  жолында аудан бойынша  8 мектепте  робототехника  зертханасы бар. Онда 940 оқушы қамтылған. 2018 жылы 2 робототехника кабинеті алынады және де  «Робототехника»  қосымша  білім беру  мекемелерінде  үйірмелер ретінде оқытылады.

 

«BilimLand»   білім беру платформасы

 

2017-2018 оқу жылында Шет ауданының білім  бөлімі  «BilimLand»  білім беру платформасымен 17  мектепті онлайн, 35 мектепті  офлайн жүйеге қосып 1 жылға 13,670 мың теңгеге келісім шартқа  отырып жұмыс істеуде.

 

«Электронды журнал»

 

Қазақстан Республикасында  білім беруді  және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру мақсатында  және Қазақстан Республикасының   Білім және ғылым министрлігінің  2016 жылғы  4 тамыздағы № 485 « 2016-2017» жылдары Қарағанды облысының  білім беру ұйымдарында «Электронды мектеп»,  «Білім беру робототехникасы және  ІТ бағдарламалау», «Үш тілде білім беру», «Инклюзивті балабақша – инклюзивтік мектеп, инклюзивтік колледж» пилоттық жобасы  бойынша 2017-2018 оқу жылы қыркүйек айынан бастап 8 мектеп, қаңтар айынан 8 мектеп «Электронды журнал» жобасына  толығымен көшірілді, 22 мектеп  сынақтан өтуде яғни, қосымша қағаз түрінде жүргізіп отыр.  «Электронды  журнал»  жобасына  толығымен көшкен 14 мектепке директордың  ақпараттандыру ісі жөніндегі  орынбасары бойынша  штаттық бірлік  қарастырылды.

Кәзіргі  күнде  ауданда 4 ресурстық орталық жұмыс істейді. Олар: аудан оралығында  орналасқан  Ы.Алтынсарин  атындағы  мектеп – гимназиясы, Ақадыр кентінде  орналасқан Ә.Ермеков  атындағы ЖОББМ, Т.Қайрақты  ауылында  орналасқан Х.Сәрінжіпұлы  атындағы  ЖОББМ  Тірек   мектебі, Ақжал  кентінде  орналасқан  Ш.Батталова  атындағы  ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі. Осы Тірек  мектептерге  30 магнитті шағын  жинақталған  мектептер  бекітілген.

2016 – 2019 оқу жылдарына  арналған Шағын жинақты  мектептер  жұмыстарының  жандануына  бағыт бағдар беретін Облыстық оқу әдістемелік  орталығының нұсқауымен әзірленген « Жол картасы»  бағдарламасын  орындау  мақсатында ауданымызда 2018 оқу жылына  аудан  орталығында  орналасқан Жарық ЖОББМ Ресурстық  орталыққа ауыстыру жоспарда.

2017-2018  жаңа оқу жылында 2,5,7-  сынып оқушылары  оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешендерімен 100 пайыз  қамтамасыз етілді.

Шет ауданының білім беру ұйымдарының ішінде Ақадыр кентінде орналасқан Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі КММ-де инклюзивті білім беруді дамыту бойынша 2014 жылдың 16-қыркүйегінде аудан әкімінің қаулысы негізінде стажерлық алаң ретінде ашылды.

2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатындағы «Инклюзивті білім берудегі жүзеге асыратын жалпы білім беретін ұйымдарының ерекшеліктері» негізінде 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Ю.А.Гагарин атындағы  мектеп-лицейінде 2016 жылдың 31 тамызында №45 бұйрығымен 8 инклюзивті сынып ашылды. Биылғы 2017-2018 оқу жылында Ю.Гагарин атындағы мектеп-гимназиясында 12 инклюзивті сынып  ашылды. Барлығы 17 оқушы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар қатарына жатады. Мектеп 2 ауысымда оқытылады, оқыту тілі қазақша, орысша. Мектепте 121 мұғалім, оның  68 мұғалімі инклюзивті сыныптарда жұмыс істейді. Сонымен қатар психолог, дефектолог және логопед мамандары ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайды. Инклюзивті білім беру бойынша 15 мұғалім курстан өтті.

Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға мамандар сабақ кестесін құрып, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы бойынша оқушылар аптасына 2 рет жеке сабаққа келіп отырады. Оқу жылының басында мамандар ерекше оқытуды қажет ететін балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық ерік аясындағы даму деңгейлерін анықтап, сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың қалыптасу деңгейін анықтап, бақылау жүргізіліп отырады. Мамандар әр оқушының анықтамасына сәйкес жылдық және сабақ жоспарлары, сабақ кестелері құрылған. Сонымен қатар Қарағанды қаласындағы №27 мектепке барып, мамандармен тәжірибе алмасып тұрады.

2018 жылдың 2 наурызында Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде «Мектептегі білім беруде ерекше оқытудың қажеттілігі бар балаларға психологиялық сүйемелдеу және кедергісіз аймақ» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарда инклюзивті білім беру бойынша қандай нормативті құжаттармен жұмыс жасау керектігі, жаңаша білім беру мазмұны бойынша ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың қалай бағаланатыны туралы айтылды және мамандар оқушылармен қалай жұмыс жасайтындығын сабақ барысында көрсете білді.

2017-2018 оқу жылында жалпы пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І мектепішілік кезеңіне 1209 оқушы қатысып, 320 оқушы ІІ аудандық кезеңге жолдама алды. 136 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Аталған олимпиаданың облыстық кезеңіне 8 оқушы жолдама алып, облыста гуманитарлық пәндер бойынша аудан намысын қорғады. Нәтижесінде Ы.Алтынсарин ат.МГ-ның оқушысы Байдаш Аяулым қазақ тілі пәнінен ІІІ орынды иеленсе, Ш.Батталова ат.ЖОББ мектептің 11-сынып оқушысы Шегай Алла қазақ тілі пәнінен ІІ орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Биылғы жылдың 24 наурызында Қостанай қаласында өтетін Республикалық жалпы пәндер олимпиадасында облыс намысын қорғайды.

4-5-6 сыныптар арасында өтетін Облыстық Клевер олимпиадасына биылғы оқу жылында аудан бойынша 225 оқушы қатысты. Нәтижесінде облыстық олимпиададан 3 оқушы І орынды, 16 оқушы ІІ орынды, 15 оқушы ІІІ орынды иеленді.

Сонымен бірге аудан оқушылары облыстық КЛИО, ҚарМУ ұйымдастырған география пәні бойынша олимпиададан, Эрудит, Политехникалық Университет ұйымдастырған облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болумен қатар, аталған университеттерге жеңілдікпен оқу гранттарына ие болды.

Алдағы уақытта ауданымызда наурыз-сәуір айларында химия пәні бойынша Ш.Батталова атындағы олимпиада,  география пәні бойынша Ш.Уәлиханов атындағы олимпиада және Ж.Ақылбаев атындағы физика пәні бойынша олимпиадалардың өтуі жоспарланып отыр.

Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық функциясын жүзеге асыратын  «Шет ауданының білім бөлімі» ММ  бекітілген жоспарға сай қызмет атқаруда.

Бүгінгі күнге Шет ауданының білім бөлімінде 45 жетім балалар және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқоршылар мен қорғаншыларда тәрбиеленуде.

Ауданның бюджетінен қамқорлықтағы және қорғаншылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап бағуға жәрдемақыға 14 млн. теңге бөлінді. Аталған жәрдемақылар заңдылықтарға сай төленіп жатыр.

Шет ауданы бойынша 4 отбасы Қарағанды облысының балалар үйінен 4 баланы патронаттық тәрбиеге  алып, тәрбиелеуде.

Патронаттық тәрбиешілерге жалақы төленеді. Патронаттық тәрбиешілірдің жалақысына аудандық бюджеттен  3 млн. 198 мың теңге бөлінді.

2018 жылы «Шет ауданының білім бөлімі» ММ–не   3 отбасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірді.

«Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде» жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірушілер электронды цифрлық қолтаңбамен тіркеліп, электронды түрде балалар туралы мәліметтермен танысып, жолдама алу арқылы  бала таңдауда.

2018 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 балаға қорғаншы тағайындалды.

«Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (ерікті) жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра рәсімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша  7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қорғаншылар мен қамқоршылармен  кәмелетке толмағандардың мүліктік құқығын қорғау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 25 бала мемлекеттің тұрғын үй қорынан тұрғын ұй алуға кезекке тұрды.

Туысқандар арасында 1 кәмелетке толмаған бала асырап алынды.

 

Қосымша білім беру – білім  саласының маңызді  мәселелерінің бірі.

 

Биылғы жылы Шет ауданының әкімінің  16.01.2018 жылғы  №02/07 Шет ауданының білім бөлімінің  20.02.2018 жылғы  №35 бұйрығына сәйкес «С.Мұхамеджанов атындағы балалар музыка мектебі» КМҚК   атауын өзгерту туралы  қаулысына  сәйкес «С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып Қарағанды облысы Әділет департаменті Шет ауданының Әділет басқарамасы тарапынан 19.02.2018 жылы  № 990140006006  нөмірімен  қайта  тіркелді.

Қазіргі уақытта  Шет ауданының білім бөлімі «С. Мұхамеджанов атындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынында 2017-2018 оқу жылында қамтылған бала саны 565. Үйірмелер тегін және ақылы түрде жүргізіледі. С. Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінде музыкалық, көркемдік – эстетикалық, экологиялық, ғылыми – техникалық бағытта сабақтар жүргізіледі. Қосымша білім беру мақсатында барлығы 48 педагог жұмыс істейді.  Келесі 2018-2019 оқу жылына төмендегідей үйірмелерді ашу жоспарланып отыр:

 

1.Жас натуралистер.

2.Жас құтқарушы.

3.Драма және театр үйірмесі.

4.Ұлттық оркестр

5.Хореография

6.Робототехника үйірмесі.

 

Үйірмелердің ауқымын кеңейтіп, оларға тартылатын оқушылардың санын арттыруға жұмыстар жоспарлануда.

 

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде Шет ауданы білім бөлімінің 36 білім беру ұйымында Қамқоршылық кеңес құрылды. Әр қамқоршылық кеңес құрамы мен жоспары бекітіліп, мектеп басшыларының есебі хаттамаға тіркеліп, білім бөлімінің сайтына тұрақты салынып отыр. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы уақытылы қадағалануда.

Шет ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылында 6 мектепке 8 елді мекеннен 113 бала шалғайдағы елді мекендерден оқушылар тасымалданып оқытылады.

Ы.Алтынсарин атындағы МГ – 24 оқушы Тұмсық ауылынан

Көктіңкөлі ЖОББМ – 12 оқушы Жыланды елдімекенінен

                                           5 оқушы Целинное елді мекенінен

Нураталды ЖОББМ –  3 оқушы Молзавод (ГРП) елді мекен

                                             15 оқушы Шопа елді мекен

Шет ЖОББМ – 9 оқушы Кармыс елді мекеннен.

Красная-Поляна  ЖОББМ- 32 оқушы Кара-Мурын станциясынан

Алихан НОББМ – 13 оқушы 56 разъезд елді мекенінен

Барлығы 113 оқушы

Үш ауысымда сабақ өткізетін және апатты жағдайда  тұрған  мектептер жоқ.

Жыл  сайын мектептерді дайындау  кезіндегі  басты бағыт  ағымдағы  жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде  аяқтау және оларды жылу маусымына  дайындау.

2016-2017  оқу жылында республикалық бюджеттен Өспен ауылдық  округінің Сәкен жалпы орта  білім беру  мектебіне 62 млн. теңге қаржы бөлініп 38072 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Жергілікті бюджеттен  Жұмыскер ауылындағы Абай жалпы  орта білім беру  мектебінің  жылыту жүйесі  және С.Сейфуллин  кентіндегі Бәлдәурен бөбекжайына  ағымдағы  жұмыстар жүргізілді.

м