Балалар мен жастарға арналған тәуліктік Сенім телефоны «Сенім 111»
Тәулік бойы қызмет жасайтын Сенім телефоны 111 2016 жылдың қараша айында құрылды. Сенім телефонының бүгінге дейінгі уақытта 7 мың бала мен жас жеткіншекке, оның ішінде 2229 қоңырауға- психологиялық көмек , 711-не заң негізінде көмек көрсетілді.
Ұлттық және халықаралық зерттеушілердің пікірі бойынша балаларға жедел психологиялық, заңды көмек көрсетудегі сенім телефонының қызметі бүгінгі таңда ары қарай жетілдіретін және нақтыланатын ең оңтайлы және көп салалы әлеуметтік механизм түрі.