Нормативные документы

Скачать: Жалпы ережерлер

Скачать: Комиссияның қарауы

Скачать: Шет ауданның білім саласының құрметті қызметкері төсбелгісін беру туралы комиссия құрамы

Скачать:Марапаттау қағазы

Скачать: Шет ауданның білім бөлімі

Скачать: Приказ


Шет ауданы білім саласының

құрметті қызметкері төсбелгісін

беру туралы

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері»
төсбелгісінің нұсқаулығы бекітілсін.

  1.    «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері»  төсбелгісін беру туралы комиссия құрамы құрылсын. Қосымша №1
  2.   «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгіні тапсыру үшін марапаттау парағы, төсбелгі үлгісі және куәлігі әзірленсін. Қосымша №2,3,4
  3. Әрбір төсбелгімен марапатталушының құжаттары «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісінің нұсқаулығына сай қатаң түрде қабылдансын.
  4. «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттау туралы бұйрық пен нұсқаулық білім бөлімінің сайтында және аудандық «Шет шұғыласы» газетінде жариялансын.
  5.    Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.

                   Бөлім басшысы     /қол қойылды/    Е.Смағұл

 

 

 

Орынд.Ж.Амирова

Тел.21927

         

                                                                 Білім бөлімінің

                                                                                                    2019 жылғы  «13» желтоқсандағы

                                                                                          № 161 бұйрығымен бекітілген

«Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері»

төсбелгісін беру туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

  1. Ауданның педагог қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі — Нұсқаулық) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Көтермелеу ауданның білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
  3. Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері төсбелгісі төстің оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен орналасады.

2. «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттау шарты

      Төсбелгімен:
1) оқушылардың, тәрбиеленушілердің өз бетімен дамуын қамтамасыз ететін сабақтарды, білімді бақылауды және жаңа интерактивтік технологияларды ұйымдастырудың және өткізудің белсенді нысандарын және әдістерін оқу үдерісіне енгізгені үшін;
2) білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік және жобалық-конструкторлық қызметіне басшылық жасаудағы табыстары үшін;
3) өңірлік, республикалық, халықаралық білім және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктері үшін;
4) білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулері үшін;
5) білім беру жүйесінің оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық және ғылыми біліктіліктерін арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы еңбектері үшін;
6) оқу әдебиеттерін әзірлеудегі және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы жетістіктері үшін;
7) білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастырудағы, материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базаларын дамытудағы және нығайтудағы жетістіктері үшін ең үздік қызметкерлер марапатталады;

      8) сынып жетекшілері ата-аналармен нәтижелі жүргізген жұмыстары, сонымен қатар мектепішілік және аудандық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін;

      9) төсбелгімен білім беру ұйымдарында он жылдан кем емес жұмыс өтілі және жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар (педагогикалық қызметкерлер үшін) қызметкерлерден бастап марапатталады;

      10) төсбелгімен марапаттау туралы ұсыныстар кәсіби мұғалімдер мерекесі, тамыз кеңесінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбек сіңірген жылдарға жетуі бойынша қаралады;

      11) білім бөлімінің басшысы жұмыс тобының келісімімен мектептердің мерей тойларында ардагер ұстаздарды  марапаттауға құқылы.

3. Марапаттау материалдарын беру және қарау тәртібі

      Шет ауданы білім саласындағы қызметкерлерді марапаттау үшін білім беру ұйымдарының басшылары мынадай құжаттар ұсынады:
1) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің хаттамасы;
2) марапаттау парағы;

      3) білім беру ұйымдары марапаттау материалдарын аудандық білім бөліміне бір ай бұрын ұсыныс береді;

       4) білім беру ұйымдарына  төсбелгі саны білім бөлімі ұсынған негіздеме санына (разнарядка)  сай беріледі;

       4) хаттама және марапаттау парағына кандидатураны ұсынып отырған  білім беру ұйымының басшысы қол қояды;

      5) білім бөлімінде құрылған комиссия он күннің ішінде қарап, шешім қабылдайды (қосымша 1);

      6) төсбелгімен марапаттау білім бөлімінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

      7) мектеп басшыларын төсбелгімен марапаттау үшін ұсынысты білім бөлімінің басшысы береді.

  1. Комиссияның қарауы

1) комиссия ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде төсбелгімен марапаттау туралы шешім қабылдайды. Егер Комиссия мүшелері дауысының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептейді;

            2) комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдайды;

            3) төсбелгімен марапаттау туралы ұсынысты қанағаттандыру ;

            4) төсбелгімен марапаттау туралы ұсынысты қабылдамау;

            5) төсбелгімен марапаттау туралы ұсынысты материалдарды қосымша ресімдеу үшін кері қайтару;

            6)  төсбелгіні тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының өзіне табыс етіледі;

            7) төсбелгіні тапсыруды білім бөлімінің басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды адамдар жүргiзедi;

            8) әрбiр марапатталушыға төсбелгіні тапсырумен бiр мезгiлде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім бөлімінің басшысы қол қойылған тиiстi куәлiк берiледi;

            9) төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.

 

                                                                                          «Шет ауданы білім саласының

                                                                                               құрметті қызметкері» төсбелгісін

                                                                                       беру туралы білім бөлімінің

                                                                                                2019 жылғы  «13» желтоқсандағы

                                                                                          № 161 бұйрығымен бекітілген

                                                           1-қосымша

«Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері»

төсбелгісін беру туралы комиссия құрамы

  1. Смағұл Елдос Жарылғапұлы                                 білім бөлімінің басшысы,

                                                                                   комиссия төрағасы

  1. Қасымова Шынар Қуанышбекқызы сектор меңгерушісі,

                                                                                   комиссия мүшесі

  1. Амирова Жанат Ақмолдақызы                           әдістемелік кабинетінің

                                                                                   меңгерушісі, комиссия мүшесі

  1. Абдрахманова Манап                                         зейнеткер ұстаз, комиссия мүшесі
  1. Нугманова Забен Кәріғұлқызы зейнеткер ұстаз, комиссия мүшесі
  1. Рахимбаева Секер Мухтаровна зейнеткер ұстаз, комиссия мүшесі
  1. Амирова Сафура Амировна зейнеткер ұстаз, комиссия мүшесі
  1. Бакаев Дат Бактыгалиевич әдіскер, хатшы

                                                                                          «Шет ауданы білім саласының

                                                                                               құрметті қызметкері» төсбелгісін

                                                                                       беру туралы білім бөлімінің

                                                                                                2019 жылғы  «13» желтоқсандағы

                                                                                          № 161 бұйрығымен бекітілген

                                                          2-қосымша

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

  1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
    2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны ____________________________________
    (бөлімшенің, кәсіпорынның, мекеменің,
    ____________________________________________________________________
    ұйымның нақты атауын көрсету қажет)
    3. Жынысы __________________________________________________________
    4. Туған жылы және туған жері ______________________________________
    ____________________________________________________________________
    5. Білімі __________________________________________________________
    6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
    7. Мекен-жайы ______________________________________________________
    8. Жалпы жұмыс өтілі ___________
  2. Саладағы жұмыс өтілі ___________
    10. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ___________________________
    11. Марапатталушының нақты негізгі еңбегін көрсететін мінездемесі
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    (ұйымның атауы, талқылау мерзімі, хаттама N)
    _____________________________ кандидатура талқыланған және ұсынылған
    ______________________________ төсбелгісімен марапаттауға ұсынылады

                             Ұйым басшысы
________________
(қолы)
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
«___»__________________
(толтырған күні)

            мөрдің орны

Ескерту: марапатталушының аты-жөні, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және транскрипциясы міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

                                                                                                                         «Шет ауданы білім саласының

                                                                                               құрметті қызметкері» төсбелгісін

                                                                                       беру туралы білім бөлімінің

                                                                                                 2019 жылғы  «13» желтоқсандағы

                                                                                          № 161 бұйрығымен бекітілген

                                                          3-қосымша

 

Шет ауданының білім бөлімі

                тегі      _______________________________________

                аты      ________________________________________

                әкесінің аты _________________________________

Осы куәлік Шет ауданының білім саласын дамытуға қосқан елеулі

үлесі үшін «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталғандығы туралы берілді.

 

 

 

Басшы                                            Е.Ж. Смағұл

«____»  _________________ 20 ___жыл

                                                                                                            «Шет ауданы білім саласының

                                                                                               құрметті қызметкері» төсбелгісін

                                                                                        беру туралы білім бөлімінің

                                                                                                 2019 жылғы  «13» желтоқсандағы

                                                                                          № 161 бұйрығымен бекітілген

                                                          4-қосымша

«Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі  диаметрі 28 мм шеңбер нысанында қалындығы 2 мм мыс пен никельдің қорытпасынан дайындалады.

Төсбелгінің беткі жағында ортада ашылған кітаптың бейнесі орналасқан, оның ортасында күн, шеңбердің оң жағында лавр бұтағы жатыр.

Төсбелгінің сыртқы жағында «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» деген жазу орналастырылған.

Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған, төменгі жағында оюы бар тікбұрышты тағанмен жалғанады.

Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.