Оқу сауаттылығы және замануи қоғам

Оқу сауаттылығы және замануи қоғам

 20 қаңтар күні апталықтың үшінші күні “Оқу сауаттылығы және замануи қоғам” тақырыбы аясында 5-6 -сынып оқушылары арасында “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” танымдық сайысы, 8-9 -сыныптар аралығында “Тіл білгірі” интеллектуалды-зияткерлік сайыс өтті. Мақсаты – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал мәтелдер мен жұмбақтарды дәріптеу. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды үйрете отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тұлғалы азамат болып өсуге тәрбиелеу. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге барлық мектептерде «Балалық шақ ережелері» тақырыбында квест ойыны өтті. Бүгінгі өткізілген танымдық сайыстар оқушылар үшін өте қызықты болды.


Жарияланды: 22.01.202107:31

Автор: